Ғылым

AP22685192 Жоба жетекшісі: Мухамбетова М.Ж.

11.02.2026 39

AP22685192 Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы негізінде мұғалімдердің даярлықтарын жетілдіруге арналған цифрлық портал әзірлеу

Жобаны іске асыру мерзімі: 2024 -2026 жылдар

Жоба жетекшісі: Мухамбетова М.Ж.

Жобаның мақсаты бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы негізінде информатика пәні және STEM білім беру саласын жүзеге асыруға ынталы жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің даярлықтарын жетілдіруге арналған цифрлық портал әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

- Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы бойынша мұғалімдердің даярлық деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізу.

- Заттар интернетін жүзеге асыруға арналған Ubidots Platform, Arduino IoT Cloud, ThingSpeak, AWS IoT бұлттық платформаларының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау.

- Arduino, Raspberry Pi және ESP32 платаларының аппараттық-бағдарламалық мүмкіндіктерін қолданып IoT құралдарын баптау және бағдарламалау.

- Датчиктерден алынған деректер мен Ubidots Platform, Arduino IoT Cloud бұлттық ресурстарын байланыстыру процедураларын жазу. Жинақталған DataSet деректер жиынын қашықтағы бұлттық сервер көмегімен талдау және визуализациялау.

- Цифрлық порталдың моделін жобалау және архитектуралық құрылымын нақтылау. Қолданушыларға арналған порталдың клиенттік бөлігінің бағдарламасын және мұғалімдердің цифрлық контентті меңгеру динамикасын бақылау ортасын әзірлеу.

- Жергілікті және бұлттағы серверлерді қолданып цифрлық порталдың серверлік бөлігін бағдарламалау. CRUD процедуларын құру, қауіпсіздік транзакцияларын жазу, клиенттік және серверлік бөлімдерді байланыстыру.

- Сыртқы ортадан қосылған және виртуалды IoT нысандарын оқитын, жинақталған деректерді бұлттағы серверге жіберетін визуалды орта әзірлеу және цифрлық порталға кіріктіру.

- Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясын оқыту әдістерін нақтылау, цифрлық дидактикалық қамтамалар, STEM жобаларының әдістемесін даярлау.

- Цифрлық порталды тестілеу және жүзеге асыру. Цифрлық порталды қолданушыларға арналған нұсқаулық әзірлеу.

- Цифрлық порталды қолданушы мұғалімдердің нәтижелері бойынша талдау жасау.