Ғылым департаменті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылым департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асырады және реттейді, сонымен қатар «Хабаршы» ғылыми журналын шығарумен айналысады. Департамент – ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарды біріктіретін бірыңғай ғылыми орталық.
Департаменттің мақсаты – Атырау университетінің ғылыми және зияткерлік потенциалын толық пайдалануға ықпал етумен қатар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік жұмыстарды кешенді дамытуға және оқыту сапасы мен ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Департамент міндеттері:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстардың (ҒЗЖ) ағымдық және перспективалық жоспарларын дайындау;
  • Университеттің ҚР БжҒМ мекемелерімен, жетекші салалық ғылыми-зерттеу мекемелерімен, кәсіпорындармен ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық орнату және байланысты нығайту;
  • ғылыми, ғылыми-зерттеу салалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен және өндірістік ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты кеңейту;
  • университет жанынан әр түрлі формадағы ғылыми, ғылыми-өндірістік және енгізбелік құрылымдарды (ғылыми-зерттеу институттар, ғылыми орталықтар, ғылыми зертханалар және т.б.) жасауға және қайта құруға байланысты құжаттар дайындауды ұйымдастыру;
  • университет профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметін жандандыруға бағытталған іс-шараларды: ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және көпшілікке бағытталған басқа да іс шараларды жоспарлау және ұйымдастыру, конференция материалдарын жинақтау, жинақ шығару;
  • Ғылыми-техникалық кеңесті ұйымдастыру және өткізу, жоспарын жасау, шешімдерінің орындалуын қадағалау;
  • Халықаралық базалармен жұмыс жасауда университет қызметкерлеріне, оқытушыларына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
  • Халықаралық рейтингтік журналдарда университет ғалымдарының жариялымдық белсенділігін көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізу;
  • Университет «Хабаршысына» ғылыми мақалалар жинақтау, тексеру, мақала авторларымен мақаланы редакциялауға байланысты жұмыстар жүргізу, мақаланы рәсімдеу ережелерінің сақталуын қадағалау, университет ақпараттық-әдістемелік материалдарын баспа және электронды түрде басып шығару;
  • Университеттің жастары ғылыми өзін-өзі басқару органының (Жас ғалымдар Кеңесі) қызметіне ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
  • Университет ғалымдарына ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, қорлар мен мекемелер жариялаған ғылыми жобалар конкурстарына, гранттарға өтініш беруде және осындай байқаулардың қорытындысы бойынша жеңімпаз болған ғалымдарға жобаны жүзеге асыру барысындағы құжаттарды (келісім-шарттар, жұмыстың күнтізбелік жоспары, техникалық сипаттамалары және т.б.), жобаның ҒЗЖ қорытындысы бойынша есептерді дайындауға көмек көрсету;
  • Университет ғалымдарына жас ғалымдарға арналған стипендияға өтініш беру кезінде және осындай байқаулардың қорытындысы бойынша жеңімпаз болған ғалымдарға құжаттар (келісім-шарттар, жұмыстың күнтізбелік жоспары, техникалық сипаттамалары және т.б.) дайындауда және қорытынды бойынша есептерді дайындауға көмек көрсету;
  • ҒЗЖ қорытындысы бойынша есептерді дайындауға көмек көрсету; бақылаушы органдардың сұраныстары бойынша бөлім қызметінің статистикалық деректері мен есептік құжаттарын дайындау және ұсыну;
  • Университет ҒЗЖ қорытындысы көрсеткіштері бойынша талдау жүргізу; университет құрылымдарының ҒЗЖ бойынша қызметін қадағалау және талдау.

Ғылым департаментінің құрамына  Ғылыми - зерттеу қызметінің мониторингін дамыту бөлімі,  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі  және  Ғылыми - техникалық ақпараттар және жоба қызметі  бөлімдері кіреді.

Ғылым департаментінің директоры:

   

   

         Бакирбекова Айгуль Макулбекқызы

                          директор

                   +7 (7122) 27-63-03
               a.bakirbekova@asu.edu.kz