БАҚ материалдары
"Халел Досмұхамедовтың мұрасын ұлықтау аясында өткізілген іс-шаралар мен жарияланған мақалалар жинағы"
- «Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі» халықаралық конференциясы
- 2024 жылдың 26 сәуірінде Атырау университеті,, "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырып отырған Қазақ білімпаздарының тұңғыш съездіне 100 жыл толуына орай өткізілген "Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибиесі" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық отырысына қатысып, "Халел Досмұхамедұлы және Қазақстандағы жоғары білімнің қалыптасып, дамуы" тақырыбында баяндама жасады.
- https://www.instagram.com/p/C6dAmetofCm/?igsh=MWIwZnN6dm1xMzdqMQ==
- «Досмұхамедов оқулары-2024»
- Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Досмұхамедов оқулары-2024» аясында Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125-жылдығына арналған «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарық көрді.
- https://www.facebook.com/share/p/1Afp3ALxXb/
- «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» дөңгелек үстелі
- 2024 жылдың 10 қазанында Халел Досмұхамедұлы есімінің Атырау университетіне берілгеніне 30 жыл толуына орай «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында университет профессорлары қатысып, маңызды тарихи және ғылыми деректермен бөлісті. Дөңгелек үстел өз деңгейінде өтті, және қатысушылар үшін пайдалы болды.
- https://www.instagram.com/p/DA-1Vl-N9hB/?igsh=cHNtZjg4aHczbjM2
- Ғылыми жобалар байқауы
- 2024 жыл 14-15 мамыр аралығында Қызылқоға аудандық білім беру әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Халел және оның мұрасы» тақырыбындағы 11 сынып түлектері арасындағы ғылыми жобалар байқауына "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы қазылар алқасы мүшесі болды. Ғылыми жоба байқауы қорытындысы бойынша «Халел-лингвист» тақырыбымен Жаңашаруа қазақ орта мектебінің оқушысы Бағытжан Айнелья Ізбасарқызы І орынды, «Ғасыр ғалымы – Халел Досмұхамедұлы» тақырыбымен Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрнияз Айбар ІІ орынды, «Х.Досмұхамедұлы – Мұрат жырларын зерттеуші ғалым» тақырыбымен Б.Аманшин атындағы орта мектебінің оқушысы Александр Фатима ІІІ орынды иеленді.