AP23490925 Жоба жетекшісі: Тусупова К.М.
AP23490925 Қазақстанда қауіпсіз су, санитария, су жүргізу жүйелері үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалана отырып тұрақты даму мақсатына қол жеткізу
Жобаны іске асыру мерзімі: 2024 -2026 жылдар
Жоба жетекшісі: Тусупова К.М.
Зерттеудің мақсаты - Атырау қаласын қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету және су жеткізу жүйелерінің және ТДМ 6.1., 6.2. және 6.3. бірлескен міндеттеріне қол жеткізу үшін, Атырау облысындағы сумен жабдықтау және су жеткізуді басқарудың ауылдық жағдайындағы тұрақтылығын бағалау және мониторинг жасау үшін кешенді құрал әзірлеу болып табылады.
Мынадай міндеттер қойылды:
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау және су жеткізу жүйелерін (СЖЖ), орталықтандырылмаған сумен жабдықтау және санитария жүйелерін бағалау үшін пайдаланылатын тәуекелдерді бағалау құралдарына шолу жүргізу және критерийлерді әзірлеуде Атырау қаласы мен ауылдық аудандардың СЖЖ бағалау үшін неғұрлым қолайлы құралдарды айқындау;
2) 1-тапсырмадан таңдалған құрал негізінде техникалық, экологиялық, химиялық-технологиялық, медициналық және басқа аспектілерді қоса алғанда, ағынды суларды тазарту және жеткізу жүйелерінің ағымдағы жағдайын бағалау;
3) су мен сарқынды су көлемінің ықтимал ұлғаюына сұранысты және қала мен ауылдық жағдайларда қолданыстағы сумен жабдықтау және кәріз жүйесін кеңейту қажеттілігін айқындау және бағалау;
4) машиналық оқытудың инновациялық жүйелерін пайдалана отырып, Атырау қаласы мен ауылдық жерлерге арналған тұрақты сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің кеңейтілген моделін әзірлеу. Ол ағынды суларды тазарту кезінде айналмалы экономика принциптеріне негізделеді және ауыз суды қауіпсіз басқару және санитарияны қауіпсіз басқару принциптерін ескереді;
5) Жасанды интеллект (ЖИ) пен машиналық оқытудың кешенді құралын, сондай-ақ сумен жабдықтау және су жеткізу жүйелерінің, және де Атырау облысындағы санитарияны басқару жүйелерінің тұрақтылығын бағалау мен мониторинг жүргізу үшін шешімдер қабылдау, және нәтижелерді барлық Қазақстан көлемінде кеңейту.