Ауылдық шағын жинақты мектептер: даму бағыттары мен мәселелері

09.12.2025 60

Название монографии: Ауылдық шағын жинақты мектептер: даму бағыттары мен мәселелері Авторы: Абыканова Б.Т, Чукуров А.Е., Бекова Г.Т., Салыкбаева Ж.К., Ахметжанова З.А. Год издания: 2025 Место издания / Издательство: Атырау «ASU Press» ISBN : 978-601-262-607-0 Аннотация: Монографияда ауылдық шағын жинақты мектептердің эволюциясы тарихи контексте, XIX ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейін қарастырылады. Бұл мектептердің дамуына əсер ететін негізгі факторлар, соның ішінде білім беру саясаты, əлеуметтік-экономикалық жағдайлар жəне мəдени ерекшеліктер талданады. Ерекше назар қазіргі ауылдық қауымдастықтардағы шағын жинақты мектептердің рөліне, олардың мəдени жəне тілдік мұраны сақтауға қосқан үлесіне, сондай-ақ оқытудың инновациялық əдістерін енгізу мүмкіндіктеріне аударылады. Монографияда ауылдық мектептердегі мұғалімдердің кəсіби дамуының мəселелері мен перспективалары қарастырылып, тəжірибе мен ресурстармен алмасу үшін цифрлық қауымдастықтарды пайдаланудың маңыздылығы атап өтіледі. Кітап ауылдық жерлерде білім сапасын жақсартуға мүдделі педагогтарға, зерттеушілерге жəне білім беру саласындағы саясаткерлерге арналған. Авторы: Абыканова Б.Т •Ученая степень, звание: Физика және техникалық пәндер кафедрасының профессоры Публикации: Өзінің кәсіби өмірінде ғылым мен білімнің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан ғалымның 200-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Соңғы үш жыл ішінде ол 7 оқулықтың, 6 оқу құралының және 8 монографияның авторы атанды. Сондай-ақ Scopus базасына енген 5 монография тарауының авторы әрі сол еңбектердің бас редакторы болып табылады. 28 авторлық куәліктің және 1 патенттің иегері. Оның ғылыми беделін Хирш индексі (h-index) – 7 көрсеткіші айқындайды. Қазіргі уақытта зерттеуші санатындағы лауазымда қызмет атқарып, бірқатар гранттық қаржыландыру жобаларының жетекшісі және орындаушысы ретінде белсенді еңбек етуде.