Махатова Валентина Еркиновна

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
1963 жылы 02 қарашада Атырау облысы Теңіз ауданы Котяев ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Құрманғазы ауылы Чапаев атындағы орта мектебін, 1986 жылы Орал қаласы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институты Физика-математика факультетінің математика және физика мамандығын бітірген. 1986-1996 жылдары орта мектепте математика мұғалімі. 1996-2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Физика-математика факультетінің «Алгебра және геометрия» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. 2003 жылы «Мұнай қондырғысын көтеріп-түсіріп операциялары кезіндегі бұрғылау бағандарының динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын Алматы қаласы М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар Қазақ Академиясының ДС Д14.45.03 докторлық кеңесінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін қорғады. 2008 жылы ҚР БжҒМ-нің жоғарғы аттестаттау комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор ғылыми атағы, 2011 жылы Атырау университетінің академиялық профессоры атағы берілді. 2004-2013 жылдары университеттің «Информатика» кафедрасының меңгерушісі. 100-ге жуық ғылыми еңбектері бар, оның ішінде: Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар саны – 17, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардағы мақалалар – 21, 70-ге жуық шығармашылық еңбектері жарыққа шықты. 2013 жылы «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 2017 жылы «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессоры, 2025 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Компьютерлік ғылымдар және информатика ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді. ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.