«Хабаршы» ғылыми журналы

15.01.2026 63

«Хабаршы» ғылыми журналы

https://www.vestnik-asu.kz/public/journals/1/homeHeaderTitleImage_kk_KZ.jpg Журналдың құрылтайшысы және баспагері — «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ

Журнал Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген. 14.02.2003 ж. №3631-Ж есепке қою туралы куәлік. 2022 жылғы мамырда журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде қайта тіркелді. 04.05. 2022 жылғы № KZ21VPY00048733 баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлік. 

Журнал халықаралық мерзімді басылымдар орталығында тіркелген, online ISSN 2790-332X, ISSN 2077-0197 баспа нұсқасының индексі бар.

Журналда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, эксперименттік әзірлемелердің нәтижелері, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша ғылыми-ақпараттық материалдар жарияланады: тарих және археология, педагогика және психология, экономика және құқық.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы» ғылыми журналының «тарих және археология», «педагогика және психология», «экономика», «құқық» бағыттары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне (ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК  ұсынған журналдардың тізімі) кіреді.

Бағыттардың ҚР БҒМ БҒСБК ұсынылған журналдар тізіміне енгізілу мерзімі:

  • «Тарих және археология» - қаңтар, 2023 жыл. Бұйрық №263, 02.2024 ж.
  • «Экономика» - қазан, 2023 жыл. Бұйрық №177, 002.2024 ж.
  • «Педагогика және психология» - сәуір, 2024 жыл. Бұйрық №374 26.03.2024 ж.
  • «Құқық» - қаңтар, 2024 жыл. Бұйрық № 494 29.05.2024 ж.