Стратегиялық даму және интернациоландыру жөніндегі проректор
Стратегиялық даму кеңсесі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңсе университеттің даму стратегиясы мен жоспарларын әзірлеу және түзету бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді, олардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ үдерістік тәсілге негізделген сапа менеджменті жүйесін басқаруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
Кеңсе қызметінің негізгі мақсаты – ұлттық және халықаралық аккредитациялардан табысты өтуге, сондай-ақ ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысуға дайындықты қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Кеңсенің негізгі міндеттері
- университеттің даму стратегиясының көрсеткіштері бойынша мониторинг жүргізу, қажетті нәтижелерге қол жеткізу және оларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, уақтылы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
- университеттің стратегиялық ұстанымдарын айқындау, рейтингтер мен бағалау критерийлеріндегі өзгерістерді жүйелі түрде бақылау;
- жоғары оқу орындарының ұлттық және халықаралық рейтингтеріне қатысу шеңберінде құрылымдық бөлімшелер қызметін үйлестіру;
- университетті дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру кезеңдерін басқару және үйлестіру;
- басым бағыттарды ескере отырып, стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- білім беру қызметтері сапасының мәселелерін алдын ала болжау және тәуекелдерді басқару;
- университет қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Шармұханбет Салтанат Русланқызы
Стратегиялық даму кеңсесінің жетекшісі
Шотанова Райса Айтжановна
Стратегиялық даму кеңсесінің жетекші маманы
Мұстахим Жанерке Жұмагерейқызы
Стратегиялық даму кеңсесінің жетекші маманы