Құзыреттер және мансапты жоспарлау кеңсесі
Құзыреттер және мансапты жоспарлау кеңсесі Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес жетекшілік ететін лауазымды тұлғаға бағынады.
Кеңсенің құрылымы мен штат саны белгіленген тәртіппен бекітіледі. Қызметкерлердің міндеттері лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
Кеңсенің мақсаты – білім алушылар мен түлектердің кәсіби және әмбебап құзыреттерін дамыту, саналы мансаптық траекториясын қалыптастыру, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және ББ өңірлік еңбек нарығының ағымдағы әрі перспективалық сұраныстарымен үйлестіру.
Кеңсенің негізгі міндеттері:
- Атырау облысы мен тиісті салалардағы еңбек нарығының қажеттіліктерін, сұранысқа ие және болашақ кәсіптер мен құзыреттерді зерделеу және болжау.
- Білім алушылар мен түлектерге кәсіби бағдар беру, мансаптық кеңес беру және жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.
- Жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, мансап орталықтарымен, кәсіптік қауымдастықтармен және түлектермен тұрақты серіктестік орнату.
- Кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, ББ өзектендіруге ұсыныстар әзірлеу.
- Қосымша білім беру, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыруға қатысу.
- Түлектердің жұмыспен қамтылуына, мансаптық ілгерілеуіне және жұмыс берушілердің қанағаттануына мониторинг жүргізу.
- Кәсіпкерлік, цифрлық, коммуникативтік және өзге де әмбебап құзыреттерді дамытуға жағдай жасау.