Түлектер қауымдастығы

Түлектер қауымдастығы

28.05.2026 178

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті түлектерінің қауымдастығы

Түлектер қауымдастығы — университет студенттері мен түлектерінің ортақ мүдделеріне негізделген қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған түлектердің ерікті бірлестігі.

Миссиясы — барлық буын түлектерін біріктіру және олардың әлеуметтік ілгерілеуіне ықпал ету.

Қауымдастық мүшелері кез келген жылғы түлектер, сондай-ақ университет қызметкерлері бола алады.

Қауымдастықтың мақсаттары:

  • Корпоративтік рухты, өзара көмек пен ынтымақтастықты қалыптастыру.
  • Жоғары оқу орнының имиджін қолдау және арттыру, оның ғылыми әрі мәдени дәстүрлерін дамыту.
  • Түлектердің университетпен және өзара байланысын сақтау әрі дамыту.
  • Университетті дамыту жобаларын іске асыруға түлектердің кеңінен қатысуын қамтамасыз ету.
  • Әртүрлі жылдардағы түлектердің мерейтойлық кездесулерін ұйымдастыру және үйлестіру.
  • Студенттердің кәсіби даярлығына, атап айтқанда «дөңгелек үстелдер», конференциялар, практикалар мен тағылымдамалар ұйымдастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысына, соның ішінде қызығушылық клубтарының қызметіне және шығармашылық ұжымдарды дамытуға көмек көрсету.
  • Зиялылық, адамгершілік, толеранттылық және демократиялық құндылықтар рухын нығайту.
  • Университет, оның дәстүрлері, тарихы және қазіргі жағдайы туралы ақпаратты кеңінен тарату.
  • Университеттің барлық буын студенттері мен түлектері арасында корпоративтік рухты нығайту, түлектерді біріктіру, олардың әлеуметтік ілгерілеуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.
  • Жоғары оқу орны түлектерінің интеллектуалдық әлеуетін және еңбек нарығында сұранысқа ие, мансаптық өсуге қабілетті кадрларды даярлау мен қайта даярлау бойынша Атырау университетінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды арттыру. Біріккен әрі табысты түлектер Атырау университетінің тұрақты дамуына ықпал ете алады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қауымдастық мынадай міндеттерді шешеді:

Түлектер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және дамыту, университетпен мәдени, шығармашылық және іскерлік байланыстарды қолдау арқылы Атырау университетінің беделін арттыруға жәрдемдесу.

Жастарға кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысу, талапкерлерді қабылдауды, түлектерді бөлуді және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға ықпал ету, әлеуметтік әріптестікті жолға қоюды қамтамасыз ету, жұмыс берушілердің, мемлекеттік және жергілікті билік органдарының, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың университетпен өзара мүдделерін келісу және іске асыру.

Түлектерді жұмысқа орналастыруға, өндірістік практиканы ұйымдастыруға көмек көрсету.

Студенттермен жүргізілетін мәдени-тәрбие жұмысын жетілдіруге және дамытуға ықпал ету.

Әлеуметтік әріптестікті жолға қоюды қамтамасыз ету.

Жұмыс берушілердің, мемлекеттік және жергілікті билік органдарының, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың университетпен өзара мүдделерін келісу және іске асыру.

Түлектермен онлайн байланыс пен қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Қауымдастық жарғысы

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті түлектері қауымдастығының төрағасы — Тумышев Бердібек Айырбекұлы.

Тумышев Бердібек Айырбекұлы 1984 жылғы 10 тамызда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.

1991–2001 жылдары орта білім алды. 1991–1996 жылдары Құлсары қаласындағы Далабай Жазықбаев атындағы №16 орта мектепте оқыды.

2001–2006 жылдары Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша бітірді.

2009–2011 жылдары Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетін «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдады.

2013 жылы Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетіне 6М060200 — «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша магистратураға түсті.

2004 жылдан бастап Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде еңбек етіп келеді.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «АГУ баспасы» баспа орталығының жетекшісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрметті түлек» атағымен, сондай-ақ университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті түлектері қауымдастығы басқармасының мүшелері:

  1. Тумышев Бердібек Айырбекұлы — төраға.
  2. Ележанова Шынар Қапарқызы — хатшы.
  3. Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы — әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.
  4. Калимов Аманжол Рахметжанұлы — «Smart Software Solutions» ЖШС директоры, кәсіпкер.
  5. Жалдекенов Марат Ізімбергенұлы — «Бессари Групп» ЖШС директоры.
  6. Мұханалиев Рашид Юрьевич — «ПетроРитейл» ЖШС секторының автоматтандыру бөлімінің бас менеджері.
  7. Күміспаев Оналбек Жексенбайұлы — Атырау қаласы бойынша РБ филиалы директорының орынбасары.