Ғылым

Тухфатов Жасұлан Қасымұлы

27.04.2026 0

 

 

 

 

Тухфатов Жасұлан Қасымұлы

Геология-минерология ғылымдарының кандидаты

Contact: E-mail: tukhfat@mail.ru; Mobile phone: +7-701 577 31 88 Author ID в Scopus 57219219081 Researcher ID Web of Science --- ORCID ID 0009-0007-3301-9997

Researcher ID in Publons ---

 

Білімi, ғылыми дәрежесi мен атағы:

 

1987 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын бұрғылау» мамандығы бойынша бітіріп, «тау-кен инженері» біліктілігі берілді (диплом РВ № 105790).

1993 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, «тау-кен инженері-геолог» біліктілігі берілді (диплом УВ № 697377).

Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.

2022 жылдан бері С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі «7М07202 – Мұнай-газ инжиниринг» білім беру бағдарламасы бойынша Аттестациялық комиссияның төрағасы болып табылады.

Біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

– Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясында (Мәскеу қ.) «Мұнай-газ кен орындарын игеру: модельдеу және мұнайбергіштікті арттыру мәселелері» бағдарламасы бойынша (2001 ж.);

– Әлмет мемлекеттік мұнай институтында (Татарстан Республикасы) «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» тақырыбы бойынша (2005 ж.).

Жалпы еңбек өтілі – 44 жыл, мұнай-газ саласындағы өтілі – 27 жыл.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ химиясы, Жер туралы пәнаралық ғылымдар.

 

Кәсіби қызметі:

1980–1987 жж. — ИГРЭ, «Запказгеология» ӨБ, ҚазКСР Геология министрлігі, жұмысшы, слесарь, бұрғышының көмекшісі.

1987–1995 жж. — «Гурьевнефтегазгеология» ӨБ «Солтүстік-Ембі» мұнай-газ барлау экспедициясы, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты — бұрғылау бөлімінің инженері, аға бұрғылау шебері, геолог.

1995–1998 жж. — «Индергипс» бірлескен кәсіпорны, «Карбид» ЖШС — цех бастығы, кәсіпорын директоры.

1998–2004 жж. — «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы — оператор, диспетчер, ауысым бастығы, цех және учаске бастығы, инженер-геолог, өндірістік зерттеу және жоспарлау орталығы бастығының орынбасары.

2004–2008 жж. — «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы — геологиялық бөлімнің бастығы, бас геолог, геология және кен орындарын игеру жөніндегі бастығының орынбасары.

2008–2010 жж. — «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институты ЖШС — мұнайды өндірістік дайындау секторының меңгерушісі.

2010 жылдан бүгінгі күнге дейін — «Ембімұнайгаз» АҚ, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы — геология және игеру бөлімі бастығы.


 

 



 

 

 

Оқытылатын пәндер: -

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланымдар:

Ғылыми және ғылыми-зерттеу еңбектерінің тізімі – 3:

1.Жексенов М. Қ., Тұхфатов Ж. Қ., Бектай Е. Қ., Абдинов Р. Ш., Тұрысбекова Г. С. (2024). Атырау облысындағы Индер көтерілімінің құрылымдық- тектоникалық және минералогиялық құрылысы, тау-кен және химиялық шикізат қорлары. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы, 4(466), 96–116. https://doi.org/10.32014/2024.2518-170X.428

2.Тұхфатов Ж. Қ., Жексенов М. Қ., Бектай Е. Қ., Тұрысбекова Г. С., Шидерин Б. Н. (2025). Каспий маңы ойпатының тұзды күмбездеріндегі химиялық шикізат кен орындарын барлау зерттеулері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы, 3(471), 252–267. https://doi.org/10.32014/2025.2518-170X.474

3.Мустафина А., Инкарова Ж., Баймукашева Г., Жексенов М., Тұхфатов Ж. (2025). Атырау облысындағы мұнай-газ кен орындарының атмосфералық ауа мен халық денсаулығына әсері (Жылыой ауданы мысалында). Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы.