Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты
Жастар саясаты департаменті — университеттің қоғамдық және әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыратын, студенттермен тығыз байланыста жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесі. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес департамент жастар саясатын іске асырады және оның маңыздылығын айқындайды.
Университеттегі қоғамдық-тәрбиелік жұмыс тікелей департаменттің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Департамент студент жастарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына құрмет, қазақ халқының мәдени дәстүрлерін сақтау, адамгершілік құндылықтарды, терең рухани байлықты және азаматтық ұстанымды қалыптастырады.
Басшылық
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор
Қойшығұлова Ләйлә Ербұлатқызы
Миссиясы мен мақсаты
Студенттің тұлға ретінде дамып, сонымен бірге Қазақстан Республикасының патриоты ретінде әлеуметтік салада кәсіби біліктілігін арттыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Департамент студенттерде гуманистік дүниетаным, азаматтық ұстаным, патриоттық сана, құқықтық және саяси мәдениет, бостандық пен жеке жауапкершілік сезімі, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеу қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Департаменттің мақсаты — жастардың азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қалыптасуына ықпал ету, сондай-ақ олардың әлеуметтік және инновациялық салаларда дамуы үшін жағдай жасау.
Департаменттің міндеттері
- Жастарды әлеуметтік практикаға тарту және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
- Студенттерге ғылыми және шығармашылық қызметте қолдау көрсету;
- Олардың кәсіпкерлік белсенділігіне жәрдемдесу.
Қызметкерлер

