Жексенов Махамбет Кұдайбергенұлы
|
Жексенов Махамбет Кұдайбергенұлы профессор-зерттеуші Contact: E-mail: dmk1358@mail.ru; Mobile phone: +7-778-9457349 Author ID в Scopus ............ Researcher ID Web of Science ........... ORCID ID 0000-0002-1741-3931 Researcher ID in Publons ........... |
Білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы: 1979 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін «физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.1985 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері-геолог» мамандығы бойынша,1990 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің экология бойынша арнайы факультетін бітірген.1997–1998 жылдары Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтында ізденуші болған.1998 жылы Мәскеу қаласындағы ММПИ-де «Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс бөлігінің эколого-геохимиялық ерекшеліктері» тақырыбында география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғаған. КОАПЭБиУР Академиясының «Экология» секциясы бойынша корреспондент-мүшесі, ҚР Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының мүшесі, профессор, ҚР экология саласының үздігі. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде ҚР БҒМ аккредитациясы туралы куәлікке ие. 4 монографияның авторы (Батыс Қазақстан мұнайларының электро-парамагниттік резонансы, экология, химия, қоршаған ортаны қорғау технологиялары саласында), 4 авторлық куәлік, 3 алдын ала патент, 1 патент және 1 инновациялық патент иегері. Мамандығы бойынша экология, мұнай-газ саласындағы газдар мен қалдықтарды тазалау және қайта өңдеу бағытында жұмыс істейді. Ғылыми қызығушылықтары – күкіртсутек бар газ қалдықтарын кәдеге жарату мен мұнай газдарын тиімді технологияларды пайдалану арқылы тазалаудың инновациялық әдістерін әзірлеу. Джексенов М.К. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus базасында 8 мақаласы (27–41% процентильмен) және ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған Web of Science журналдарында 8 мақаласы бар.
|
