Талапкерлерге

Талапкерлер үшін қажетті құжаттар

Түсу жолына сәйкес құжаттар тізімі, маңызды мерзімдер және қабылдау комиссиясының байланыстары — бір бетте.

  • 5 құжаттар тізімі
  • Дс–Жм 09:00–18:00, Сн 09:00–14:00, Жс — демалыс

Қалай түсуге болады

  1. Бағдарламаны таңдаңыз Бакалавриат, магистратура және докторантура каталогынан кодты, оқу мерзімін және тілін қараңыз.
  2. Емтихан тапсырыңыз Бакалавриатқа ҰБТ сертификаты қажет; шығармашылық және педагогикалық бағдарламаларға — шығармашылық немесе арнайы емтихан.
  3. Құжаттарды жинаңыз Төмендегі тізім бойынша дайындаңыз — дайын құжаттарды белгілеп қойыңыз.
  4. Құжаттарды тапсырыңыз Құжаттарды белгіленген мерзімде қабылдау комиссиясына әкеліңіз.

Құжаттар тізімі

Түсу жолын таңдаңыз — оған қажетті құжаттар төменде көрсетіледі.

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихандарға қажетті құжаттар

Шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша бағдарламаларға түсушілер шығармашылық емтихандар тапсыру үшін Университеттің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

Дайын: 0 / 7

Белгілер тек сіздің браузеріңізде сақталады.

«Педагогикалық ғылымдар» саласына түсушілерге

Республикалық бюджет есебінен білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін де, ақылы оқуға қабылдану үшін де арнайы емтихан тапсыру қажет. Мерзімдері — «Маңызды мерзімдер» бөлімінде.
Өткізілетін орны: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, №1 оқу ғимараты, 1-қабат, №108 кабинет.

Білім беру бағдарламалары