Ғылым

AP22685531 Жоба жетекшісі: Тайшиева А.Г.

11.02.2026 47

AP22685531 Өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдерді зерттеу

Жобаны іске асыру мерзімі: 2024 -2026 жылдар

Жоба жетекшісі: Тайшиева А.Г.

Жобаның мақсаты - солитон теориясының шеңберінде өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдерді зерттеу.

Жобаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

• Гейзенберг ферромагниттік теңдеулерінің жалпыламалары мен өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдер арасындағы байланысты зерттеу.

• Гейзенберг ферромагниттік теңдеуінің жалпыламаларының интегралданатындығын анықтау.

• Өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдердің калибрлік эквиваленттілігін орнату.

• Өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдердің нақты шешімдерін алу.