Мусаева Айман Амангельдиевна
"ЖОО үздік оқытушысы- 2015"
Экономика ғылымдарының кандидаты
1978 жылы 31 қазанда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау қаласындағы №16 орта мектепті аяқтады. 1995 жылы Атырау Мұнай және Газ институтына оқуға түсіп, 1999 жылы 0713 – «Мұнай-газ өндіру, химия және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, «инженер-экономист» біліктілігін алды.
2000 жылдан бастап Атырау мемлекеттік университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында оқытушы болып, 2003–2004 жылдары экономикалық факультетте кредиттік технология бойынша координатор, 2004–2005 жылдары «Мониторинг және сапа менеджменті» бөлімінің бас маманы, 2005 жылдың қазанынан 2008 жылдың қаңтарына дейін Экономика, қаржы және басқару факультетінің «Қаржы, несие және бухгалтерлік есеп» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2003 жылы Атырау Мұнай және Газ институтының «Экономика» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады. 2010 жылдың 16 сәуірінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте «Атырау облысы материалдары негізінде ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»). 2012 жылы «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап табиғи және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.Ғылыми еңбектері ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару мәселелеріне арналған. «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Салықтар және салық салу», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару», «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» атты 4 оқу құралы, сондай-ақ «Салалардағы бухгалтерлік есептің 1000 жазбасы» практикумы жарық көрген. Қазақстанда және шетелде өткен халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында ауыл шаруашылығын басқару мәселелері бойынша 40-тан астам ғылыми мақаласы жарияланған.Марапаттары:
2013 жылғы «Жылдың үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2005, 2010, 2012 жылдары университет ректорының қоғамдық жұмысқа қатысқаны және жоғары білікті кадрлар даярлау, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы ерекше жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталған.