Science-Cafe бірінші отырыс
Кафедра меңгерушісі Айгуль Айтмухановна Султангубиева Атырау университетінің Science Cafe отырысында Қазақстан Республикасының Болашақ халықаралық стипендия бағдарламасының "500 ғалым" жобасы аясында АҚШтағы Миннесота штаты, Твин ситиез, Миннеаполис қаласындағы Миннесота университетінде 2025 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында 1 жылдық ғылыми тағылымдамадан өтіп келгені туралы "Building Global Scientific Networks: My Internship experience in the United states" тақырыбына презентация жасады. Ол презентация бастамас бұрын келген профессор-оқытушылар құрамына мотивациялық сұрақ қоюмен бастап, сұраққа белсенді жауап бергендерге Миннесота университетінің символикасы бар сыйлықтар таратты.
Айгуль Айтмухановна 1 жыл бойы ғылыми тағылымдама жүріп, Миннесота университеті қабырғасында білген, оқыған, зерттеу жүргізген ойларымен бөлісіті, сонымен қатар Миннесота университетіндегі мүмкіндіктерді және олардың ерекшеліктерін атап кетті және өзінің Атырау университетін енгізуге болатын ұсыныстарында жеткізді. Презентация өте қызықты өтті, тыңдауға келген қатысушылар Айгуль Айтмухановнаға ризашылығын білдірді.