Ғылым

AP25795485 Жоба жетекшісі: Дауткулова А.К.

11.02.2026 36

AP25795485 «Батыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі гидронимдердің лингвокогнитивті сипаты»

Жобаны іске асыру кезеңі: 2025-2027 жылдар

Жоба жетекшісі: Дауткулова А.К.

Жобаның мақсаты - Батыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі байырғы гидронысандардың орналасқан жерін халықтық атаулар негізінде айқындау, қалпына келтіру, жаңғырту, лингвокогнитивтік сипатын ашу. Олардың этнологиялық, ұлттық мәдени кеңістіктегі рөлін анықтау.

Жобаның мақсатына жету үшін келесі негізгі міндеттер қойылды:

  • Батыс Қазақстан макро- және микрогидронимдеріндегі ұлттық, мәдени, этнотілдік кодтарды ашу;
  • Уикипедия ашық энциклопедиясына Батыс Қазақстан гидронимдерінің лингвокогнитивті сипаты туралы ақпараттар жүктеу арқылы қалың көпшілікке насихаттау;
  • Зерттеу жобасы аясында Батыс Қазақстан гидронимдерінің жиілігін анықтау;
  • Географиялық карта бойынша байырғы гидронимдер мен жаңа гидронысан атауларын салыстырмалы зерттеу жасау;
  • Гидронимдерге қатысты ақпараттық-деректік базаны құру бағытында аймақтық экспедицияларға шығу;
  • Батыс Қазақстан гидронимдері туралы ақпараттарды QR кодқа салып, электронды нұсқасын облыстық ономастика басқармасына ұсыну;
  • Батыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі гидронимдердің танымдық, этнолингвистикалық, лингвомәдени, семиотикалық, перцептивтік, психоаталымдық, прецеденттілік қасиеттерінің ұлттық мәдени сипаттары тұрғысынан зерттеу;
  • Табиғи апат, су тасқыны салдарының алдын алу үшін, Батыс Қазақстан гидронимдерінің ертедегі арнасына қатысты ақпараттарды жинап, жинақталған деректерге когнитивтік талдау, статистикалық лингвистика әдістерін қолдану арқылы анализ және синтез жасау.