Университет

Есенаманова Мансия Санаковна

26.11.2026 3
DSC07583

"ЖОО үздік оқытушысы-2020"

Техника ғылымдарының кандидаты

1973 жылы 30 қарашада Атырау (Гурьев)  облысы, Жылой ауданы, Қаратон ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Гурьев қаласы № 22 орта мектебін бітірген. 1991 жылы Гурьев медициналық училищесінің «Мейрбике» мамандығын үздік дипломмен аяқтады, 1991-1994 жылдары №2 Атырау қалалық емханасында медициналық мейірбике қызметін атқарды. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін биология және химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап, осы университетте 1998-2001 жылдары экология мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2002-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде «Қолданбалы экология» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, инженерлік-техникалық факультетінің тәрбие істері жұмысы, оқу істері жұмысының орынбасары қызметтерінде болды. 2005-2015, 2017-2024 жылдары «Экология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 03.00.16-Экология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, 2004 жылы техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. 2 алдын-ала патент, 1 авторлық куәлік, 3 монография, 4 оқу құралы және топ оқытушылармен 4 оқу құралы жарық көрген. 100-ден астам мақалалардың авторы, оның ішінде 20-дан астамы нөлдік емес жоғары импакт-факторлы ғылыми журналда жарияланған, Scopus базасы бойынша Хирш-индексі (H-ind) - 5. 2013-2014 жылдары ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының жеңімпазы ретінде Англия еліндегі Нортгемптон университетінде (the University of Northampton)  интенсивті ағылшын тілін меңгеру курсынан өтіп, сертификат алды, 2013-2014 жылдары осы университетте педагогикалық тағылымдамадан өтті. 2006 жылы талантты жас ғылымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиясына ие болды. РФ Элиста қаласы Қалмақ мемлекеттік университетінің «Экология» сериясында «Полевые исследования» және РФ Мәскеу қаласы «Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований» атты ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. Университет ректорының (2004,2017), ҚР БжҒМ-нің (2007,2018) Алғыс хаттарымен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен (2020) марапатталған. III Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауының «Ең талапты жас өнертапқыш» номинациясы бойынша (2006) дипломы, ҚР Бж;М-нің «Үздік оқытушы-2020» атағының иегері.