Ғылыми-зерттеу институттары
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты
Экология, био және нанотехнология
« Физика, математика және цифрлық технологиялар» ғылыми-зерттеу институты
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты
Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
«Мәңгілік ел» ғылыми-зерттеу орталығы

Табылдиев Хисмет Бозанұлы – (Атырау обл., Бақсай (Махамбет) ауд. № 18 ауыл (қазіргі Бесікті ауылы), 08.09.1936 ж.т.) өмірге келген. Атырау (Гурьев) қаласындағы Орджоникидзе орта мектебін, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының «Тарих, әдебиет және тіл» мамандығын 1962 жылы бітірген. Атырау (Гурьев) қаласындағы Орджоникидзе орта мектебінде мұғалім (1962–1963), Гурьев педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, факультет деканы қызметін атқарды (1963–1976). Сырттай оқу бөлімінің проректоры (1976–1991), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тұңғыш ректор-координаторы (1991–2000), облыстық мәслихаттың депутаттығына қатарынан үш мерзімге сайланған. Облыстық мәслихат депутаты ретінде марапаттау комиссиясын басқарған. Облыстық мәслихаттың хатшысы (2000–2004), облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары (2005), облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасы (2001–2004). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық, қалалық ономастикалық комиссиясының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері.
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми – зерттеу институты (ҒЗИ) 2020 ж құрылды. ҒЗИ ғылыми жұмысы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ Ғылыми Кеңесі бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асады. ҒЗИ негізгі ғылыми бағыттары: Каспий өңірінің тарихын, архелогиясын және этнологиясын зерттеу; халықаралық және республикалық ғылыми–практикалық конференциялар мен дөңгелек үстел ұйымдастыру; Атырау өлкесі тарихына байланысты ғылыми монографиялар мен оқу құралдарын жариялау; Мемлекеттік гранттар мен басқа да қаржылық көздер арқылы қаржыландырылып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру; Каспий аймағының жетекші ЖОО мен ҒЗИ – мен халықаралық ғылыми қатынастарды дамыту.
Х.Б.Табылдиев атындағы «Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты 2024 жылғы құрылымдық өзгерістерге сәйкес төменгідей орталықтар қайта құрылды:
1. «Батыс өңірі жазушыларының шығармашылығын зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы – жетекшісі филология ғылымдарының докторы Қ.Жүсіп
2. Халелтану ғылыми-зерттеу орталығы – жетекшісі педагогика ғылымдарының магистрі Р.Анарбек.
Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмысы Х. Досмұхамедов атындағы КеАҚ Атырау университетінің Ғылыми Кеңесі бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асады. ҒЗИ негізгі ғылыми бағыты Каспий өңірінің тарихын, архелогиясын және этнологиясын зерттеу; ғылыми–практикалық конференциялар мен дөңгелек үстел ұйымдастыру; монографиялар мен оқу құралдарын жариялау, Мемлекеттік гранттар мен басқа да қаржылық көздер арқылы қаржыландырылып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстары, Халықаралық ғылыми қатынастарды жетілдіру.
1. Ғылыми зерттеу институтының басты мақсаттары мен өзектілігі.
ҒЗИ мақсаттары қоғам мен ғылымның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу, жаңа ғылыми білім өндіру, инновациялық идеяларды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру және алынған нәтижелерді практикаға енгізу арқылы ұлттық ғылымның дамуына үлес қосу.
Ғылыми зерттеу институтының негізгі міндеттері.
1. Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Тиісті сала бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; Ғылымдағы заманауи әдістер мен технологияларды енгізу; Инновациялық жобаларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
2. Ғылыми кадрлар даярлау. Магистранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік көрсету; Жас ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасау; Ғылыми семинарлар, мектептер, курстар өткізу.
3. Ғылыми инфрақұрылымды дамыту. Зертханаларды, архивтік қорларды, дерек базаларын толықтыру; Ғылыми құрал-жабдықтардың жаңартылуын қамтамасыз ету; Сандық технологияларды ғылым процесіне интеграциялау.
4. Ғылыми нәтижелерді жариялау және тарату. Монографиялар, ғылыми жинақтар, мақалалар, аналитикалық есептер шығару; Халықаралық және республикалық конференциялар ұйымдастыру; Ғылыми нәтижелерді білім беру жүйесіне енгізу.
5. Халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты күшейту. Шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен жобалар жүргізу; Ғалымдардың академиялық ұтқырлығын дамыту; Инновациялық консорциумдар мен ғылыми желілерге қатысу.
6. Сараптамалық-талдау қызметі Саладағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми сараптамалар дайындау; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-аналитикалық ұсыныстар әзірлеу; Қоғамдық пікірді зерттеу және әлеуметтік мониторинг жүргізу.
7. Ғылыми нәтижелерді практикаға енгізу. Ғылыми жаңалықтарды білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік сала сияқты бағыттарға трансфер жасау; Авторлық оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, практикалық нұсқаулықтар әзірлеу; Инновациялық өнімдер мен технологияларды коммерцияландыруға ықпал ету.
Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ҒЗИ мүшелерінің құрамында:
- Сапанов Сайпулла Жумабаевич – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор
- Қадыр Жүсіп Өтегенұлы - «Батыс өңірі жазушыларының шығармашылығын зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
- Танатарова Жамига Тажиковна - «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор
- Кадыров Болат – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері
- Куанов Магпар Саламатович – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, География ғылымдарының кандидаты
- Есенгалиев Саткан Ибраевич – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты
- Касенов Марат Сейтжанович – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты
- Зайнов Амангельди Мугауович – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
- Жумагалиева Бактыгул Калыбаевна – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының лаборанты, босануға байланысты демалыста
- Досанова Сандугаш Жангирхановна – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының лаборанты
- Абдулов Айсад Дулатулы – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі
- Анарбек Регина Қуанышбекқызы - Халелтану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі
Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмысы Х. Досмұхамедов атындағы КеАҚ Атырау университетінің Ғылыми Кеңесі бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асады. ҒЗИ негізгі ғылыми бағыты Каспий өңірінің тарихын, архелогиясын және этнологиясын зерттеу; ғылыми–практикалық конференциялар мен дөңгелек үстел ұйымдастыру; монографиялар мен оқу құралдарын жариялау, Мемлекеттік гранттар мен басқа да қаржылық көздер арқылы қаржыландырылып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстары, Халықаралық ғылыми қатынастарды жетілдіру.
1.Сыйлықтардың, құрметті атақтардың (халықаралық, республикалық) иегерлері:
- Касенов М.С. «Ерен еңбегі» үшін медалі (2025 жылы 21 қазан)
- Таңатарова Ж.Т. «Құрмет» ордені (2025 жылы 25 қыркүйек)


Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ҒЗИ-дың конференция материалдар жинақтары:

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Көпэтносты қоғамды дамытудың қазақстандық тәжірибесі» республикалық ғылыми - практикалық конференциясының материалдар жинағы. - «ASU Press» баспасы, Атырау, 2025 ж. - 387 б.

Тарихшы, өлкетанушы, ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымұлы Нагимовтың мерейлі 80 жасына арналған «Профессор Ш.Нагимов еңбектеріндегі тарих, мәдениет, білім мәселелері және өңірлік зерттеулер» республикалық ғылыми - практикалық конференциясының материалдар жинағы. –
«ASU Press» баспасы, Атырау, 2025 ж. - 264 б.

Жинақ «Қазақстанның Батыс аймағы саяси тарихының өзекті мәселелері (ХІХ-ХХ ғғ.)» халықаралық ғылыми семинар жұмысының материалдар жинағы. «ASU Press» баспасы, Атырау. 2025 ж. - 251 б.

Сапанов С.Ж. – Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының докторы;

2025 жылдың 11 ақпанында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанына 30 жыл толуына орай «Көпэтносты қоғамды дамытудың қазақстандық тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2025 жылдың 25 қыркүйегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқу орнының 85 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Каспий макроаймағындағы қауіпсіздік мәселелері: халықаралық қатынастар, экология және тұрақты даму» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы мен Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығына 560 жыл: тарих және қазіргі кезең» атты ғылыми семинар өтті.

2025 жылдың 3-4 қазанында Тарихшы, өлкетанушы ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымұлы Нағимовтың мерейлі 80 жасына арналған «Профессор Н.Нагимов еңбектеріндегі тарих, мәдениет, білім мәселелері және өңірлік зерттеулер» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2025 жылдың 28 қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті мен Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институтының бірлесуімен «Қазақстандағы этносаяси үрдістер: ұлтаралық келісім және тұрақтылық» атты маңызды ғылыми семинар өтті.

Қадыр Ж.Ө. – «Батыс өңірі жазушыларының шығармашылығын зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

Атырау университетінің 85 жылдығына арналған «Шапағат» очерктер, мақалалар,эсселер жинақ кітабы, Қ.Ө.Жүсіп. 424 бет. 2025 ж.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрметті профессоры, Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін ақын-жазушы, профессор Қадыр Жүсіп, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағына ие болды.

ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі табысталды.





2025 жылдың 10 қазанында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимн авторы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жұмекен жырлары - ғасыр үні» атты республикалық конференция өткізілді.

Таңатарова Ж.Т. - "Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы" ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мақала тақырыбы: Innovative potential of Сhinese Science. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті № 1(97)/2025. DOI 10.37238/2960-1371. 2960-138X.2025.97(1).28. Б.333-343.

Мақала тақырыбы: Iranian-Tajik trade and economic relations:
Current state and prospects. Published in the Republic of Kazаkhstan Asian Journal “Steppe Panorama”
Has been issued as a journal since 2014
ISSN 2710-3994. Vol. 12. Іs. 3, рр. 872-886, 2025

Кеңестік реформалардың зардабы. Архивтік құжаттар мен материалдар.Ж.Ж.Таңатарова, Г.Қайырғалиева, Р.К.Тастемирова, М.Каналиева, Н.Жеңіс // Атырау: «ASUPres» баспасы, 2025. – 176 б.

2025 жылдың 30 мамырда «Халықтарды Қазақтарды депортациялау» тарих және ақтау мәселелері: ғылыми семинарда баяндама жасады.

РФ Қазан қаласындағы Татарстан Ғылым Акалемиясы жанындағы Ш.Марджани атындағы тарих институты ұйымдастырған “”Жизнь между Волгой и Великой степью” тақырыбындағы Алаш қайраткері, жерлесіміз Валидхан Танашевтың өмір жолына арналған халықаралық дөңгелек үстелде баяндама жасап, іссапарда болды.

Жұмбақ жан. Ерлі-зайыпты Танашевтардың тағдыры // Республикалық қоғамдық-саяси газет. №26, 3 сәуір.2025 ж

Касенов М.С. – «Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты





1. Қаңтар - ақпан айларында «Атырау облыстық архивінде» облыс аймағындағы тарихи ескерткіштеге қатысты деректер жиналды.
2. 23-25 наурызда Алматы қалсындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында өткен, «Марғұлан оқулары – 2025» конферециясында, «Орталықтың жылдық археологиялық зерттеулері» жұмыстары туралы есебі берілді.
3. Сәуір айында «Нарын құмындағы археологиялық ескерткіштерді анықтау және есебін алу» бағытындағы барлау экспедициясы жүргізілді.
4. Мамыр айында университетің Тарих кафедрасының мамандарымен бірлесе «студентердің археологиялық практикасын» Актөбе – Лаэти Алтын ордалық қаласында жүр өткіздік.
5. Маусым айында, 1 ай Актөбе – Лаэти қаласындағы жүргізілген археологиялық қазбаға қатысытым. 100 квадрат болатын алаңда қазба жұмысы жүргізілді.
6. Погребенная в песках Жолайшагыла. Публикация одной коллекции. – Книга – альбом. – Атырау: – НАО Атырауский университет им. Х. Досмухамедова, 2025. – 52 стр.

Анарбек Р. - Халелтану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі
Жалпы мәлімет. 2025 жылы Ғылыми-зерттеу орталығы өз қызметін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің даму стратегиясына, ғылым мен білімді жаңғырту бағыттарына сәйкес жүзеге асырды. Орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық ғылымды дамыту, Халел Досмұхамедұлының ғылыми мұрасын зерделеу және оны білім беру үдерісіне енгізу, сондай-ақ жас зерттеушілердің ғылыми белсенділігін арттыру.



2025 жылғы 17 қазан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылылығына арналған «Досмұхамедұлы оқулары – 2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған конференция аясында «Халел Досмұхамедов және ұлттық ғылымның қалыптасуы» атты секциялық отырыс ұйымдастырылды. Секциялық отырыста ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер баяндама жасап, Халел Досмұхамедұлының ғылымдағы орны, ұлттық ғылыми ойдың қалыптасуына қосқан үлесі және оның идеяларының қазіргі кезеңдегі өзектілігі талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша «Досмұхамедұлы оқулары – 2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы жарық көрді.
Аталған жинаққа конференцияға қатысушылардың ғылыми мақалалары енгізіліп, ғылыми нәтижелерді жүйелеуге және таратуға мүмкіндік жасалды.

2025 жылғы наурыз айында Ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Есеп және аудит», «Қаржы және талдау» және «Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттер арасында «Халел Досмұхамедұлының саяси және әлеуметтік көзқарастары: қазақ халқының болашағы туралы ойлар» тақырыбында онлайн подкаст өткізілді.
Подкаст барысында Халел Досмұхамедұлының қоғамдық-саяси қызметі, ұлттық идеялары мен ағартушылық көзқарастары кеңінен талқыланып, студенттердің ғылыми ой-өрісін дамытуға және тарихи тұлғаның мұрасын насихаттауға ықпал етті.
Алдағы кезеңде орталық ғылыми жобаларды кеңейту, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және білім алушылардың зерттеушілік қызметін одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлайды.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
|
«Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми-зерттеу орталығы өзіндік қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрықтарымен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жарғысымен және осы ережеге сәйкес басқарылады. |
|
Ғылыми-зерттеу орталық толық аталуы: «Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Ғылыми-зерттеу орталық Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ғылыми-өндірістік, зерттеу бірлестігі түрінде ұйымдастырылады. Орталық жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі Анарбек Регина Қуанышбекқызы |
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: Х.Досмұхамедовтың мұраларын зерттеу және оны педагогика тарихының ғылыми айналымына енгізу.
Міндеттері:
· Халел Досмұхамедұлының ғылыми және рухани мұрасын жинақтау, жүйелеу, цифрландыру және оның еңбектеріне кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу.
· Ғалымның зияткерлік мұрасын халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде таныту, ғылыми маңызын насихаттау және халықаралық зерттеу ынтымақтастығын дамыту.
· Студенттер мен шетелдік оқытушыларды ғалымның өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен және ағартушылық қызметімен таныстыру, оның мұрасын зерделеуге қызығушылықтарын арттыру.
· Ғалым мұрасындағы отансүйгіштік, ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілік идеяларын жастар арасында дәріптеу, олардың тарихи санасы мен рухани-адамгершілік бағдарларының қалыптасуына ықпал ету.
Сонымен қатар, орталық халелтанушылардың ғылыми мақалаларын, Өзбекстан Республикалық Орталық мемлекеттік мұрағатынан 250-ге тарта алынған құжаттар жинағы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан алынған 164 мұрағат құжаттары, 1922-26 жылдары шыққан Ұлттық ғылым академиясының сирек кездесетін кітаптар қорынан көшірмелерін зерттеуші қауымға, ізденуші студенттерге- магистранттарға ұсынады.
ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
Іс-шаралар
1. «Алаштың ұлы тұлғасы» дөңгелек үстелі
o Теміртау қаласындағы "Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының" ұйымдастырумен 2024 жылы 24 сәуірде қоғам және мемлекет қайраткері Халел Досмұхамедовке арналған "Алаштың ұлы тұлғасы" атты дөңгелек үстелге "Халелтану" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Регина Қуанышбекқызы қатысып, орталығымызға экскурсия жасап, жәдігерлермен таныстырды.
https://www.instagram.com/p/C6IpefaKgbx/?igsh=MWNyd3h4cmg1MWZhcQ==

2. «Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі» халықаралық конференциясы
o 2024 жылдың 26 сәуірінде Атырау университеті,, "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырып отырған Қазақ білімпаздарының тұңғыш съездіне 100 жыл толуына орай өткізілген "Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибиесі" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық отырысына қатысып, "Халел Досмұхамедұлы және Қазақстандағы жоғары білімнің қалыптасып, дамуы" тақырыбында баяндама жасады.
o https://www.instagram.com/p/C6dAmetofCm/?igsh=MWIwZnN6dm1xMzdqMQ==

3. Ғылыми жобалар байқауы
o 2024 жыл 14-15 мамыр аралығында Қызылқоға аудандық білім беру әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Халел және оның мұрасы» тақырыбындағы 11 сынып түлектері арасындағы ғылыми жобалар байқауына "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы қазылар алқасы мүшесі болды. Ғылыми жоба байқауы қорытындысы бойынша «Халел-лингвист» тақырыбымен Жаңашаруа қазақ орта мектебінің оқушысы Бағытжан Айнелья Ізбасарқызы І орынды, «Ғасыр ғалымы – Халел Досмұхамедұлы» тақырыбымен Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрнияз Айбар ІІ орынды, «Х.Досмұхамедұлы – Мұрат жырларын зерттеуші ғалым» тақырыбымен Б.Аманшин атындағы орта мектебінің оқушысы Александр Фатима ІІІ орынды иеленді.

4. «Досмұхамедов оқулары-2024»
o Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Досмұхамедов оқулары-2024» аясында Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125-жылдығына арналған «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарық көрді.
o https://www.facebook.com/share/p/1Afp3ALxXb/


5. «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» дөңгелек үстелі
o 2024 жылдың 10 қазанында Халел Досмұхамедұлы есімінің Атырау университетіне берілгеніне 30 жыл толуына орай «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында университет профессорлары қатысып, маңызды тарихи және ғылыми деректермен бөлісті. Дөңгелек үстел өз деңгейінде өтті, және қатысушылар үшін пайдалы болды.
o https://www.instagram.com/p/DA-1Vl-N9hB/?igsh=cHNtZjg4aHczbjM2



2025 жылғы 17 қазан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылылығына арналған «Досмұхамедұлы оқулары – 2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған конференция аясында «Халел Досмұхамедов және ұлттық ғылымның қалыптасуы» атты секциялық отырыс ұйымдастырылды. Секциялық отырыста ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер баяндама жасап, Халел Досмұхамедұлының ғылымдағы орны, ұлттық ғылыми ойдың қалыптасуына қосқан үлесі және оның идеяларының қазіргі кезеңдегі өзектілігі талқыланды.
https://www.facebook.com/share/p/1MnMtVx5Yc/



Жарияланымдар мен цифрландыру
Кітаптар:
«Оқушының саулығын сақтау», «Халелдің мақалалар жинағы», «Как бороться с чумой среди киргизких населений» электронды кітаптары жасалды.

Сайт іске қосылды:
KHALEL DIGITAL атты веб-сайт

Университетішілік бюджеттен қаржыландыратын қолданбалы зерттеулер:
«Х. Досмұхамедовтың мұраларын білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдары»
Жетекшісі: Джанзакова Ш.И., педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Басты ғылыми қызметкер: Базарғалиев Ғ.Б., педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор м.а.

Орталық жетекшісі Анарбек Регина Қуанышбекқызы
8 702 758 15 99

Институттың мақсаты:
- Экологиялық тұрақты даму принциптерін жүзеге асыруға бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Биотехнология және нанотехнология салаларында инновациялық шешімдер әзірлеу арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғауға үлес қосу;
- Ғылыми нәтижелерді өндіріс пен ауыл шаруашылығына енгізу арқылы елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру.
Институттың міндеттері:
1. Экожүйелердің жағдайын кешенді зерттеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын ұсыну;
2. Биотехнологиялық әдістер арқылы экологиялық мәселелерді шешу (биоремедиация, қалдықтарды өңдеу, биологиялық тыңайтқыштар т.б.);
3. Жаңа ғылым аралық зерттеу бағыттарын дамыту және халықаралық ғылыми ынтымақтастық орнату;
4. Жастардың ғылыми әлеуетін дамыту, ғылыми кадрлар даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыру.
«ЭКОЛОГИЯ, БИО ЖӘНЕ НАНОТЕХНОЛОГИЯ»
ғылыми-зерттеу институтының құрамы:
1. «Биология, геоэкология және құрғақшылықтағы шөп өндірісі» ғылыми орталығы Жетекшісі: ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Мухамбетов Болат;
2. «Биотехнология» ғылыми-зерттеу зертханасы Меңгерушісі: биология ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Софья Зұлхарнайқызы;
3. «Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасы Меңгерушісі: экология ғылымдарының магистрі Жуматова Гульшат Габитовна.
Негізгі міндеттері
Негізгі функциялар
«Биология, геоэкология және құрғақшылықтағы шөп өндірісі» ғылыми орталығының жетекшісі Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Мухамбетов Болат
Негізгі функциялары
•Биология ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Негізгі міндеттері
•Табиғи микроорганизмдер арасынан пробиотиктердің ең перспективалы штаммдарын зерттеу;
«Биотехнология» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі
Биология ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Софья Зұлхарнайқызы
Зертхана мақсаты
Каспий теңізі аймағының экологиялық жағдайын жан-жақты зерттеу, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтауға ғылыми негіз қалыптастыру, сондай-ақ антропогендік әсерлердің қоршаған ортаға ықпалын бағалау және болжау.
Негізгі міндеттері

«Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының меңгерушісі
Экология ғылымдарының магистрі Жуматова Гульшат Габитовна
Айболатова Данагүл Болатбекқызы
«Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының лаборанты
Химия мамандығы бойынша магистрант, химиялық талдау және сараптама бойынша бакалавр

Қанат Тоғжан
«Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының ғылыми қызметкері, Жобаларды басқару ғылымдарының магистрі (MSc in Project Management), Ливерпуль университі

Идаят Нұрсәуле Иманмәдиқызы
«Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері, Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Ғылым департаментінің Қоғамдық келісімді дамыту институты Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2015 жылғы 3 ақпанда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының қайта құрылуы негізінде өз қызметін жалғастыруда. Институт Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының (https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-halyk-kenesi-turaly-955250) мақсаттары мен міндеттеріне, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту қағидаттарына сәйкес жұмыс жүргізеді.
1. Мақсаты
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін нығайтуға ғылыми, сараптамалық, білім беру және қоғамдық-әлеуметтік жобалар арқылы жасалатын бастамаларды жүзеге асыру. Институт университеттің ғылыми, білім беру және қоғамдық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамдық келісім идеяларын білім алушылар, ғалымдар және қоғам арасында ілгерілетуге бағытталған.
- Міндеттері
- Этносаралық келісімді сақтау және нығайту.
- Жалпыұлттық бірлікті күшейту.
- Ішкі және сыртқы коммуникацияны дамыту.
- Алдын алу және медиациялық тетіктерді жетілдіру.
- Жастар арасында бірлік мәдениетін қалыптастыру.
- Этномәдени мұраны сақтау.
- Ғылыми-сараптамалық әлеуетті арттыру.
3. Негізгі бағыттар мен іс-шаралар
3.1 Қоғамдық келісім: форумдар, мониторинг, диалог алаңдары.
3.2 Этномәдени бірлестіктерді қолдау: фестивальдер, гранттар.
3.3 Жастар саясаты: шетелдік студенттерді қолдау бағдарламалары, лагерлер, клубтар, конференциялар.
3.4 Медиативтік жұмыс: медиаторларды оқыту, медиация кабинеттері.
3.5 Ғылыми қызмет: зерттеулер, сараптамалық жиындар.
3.6 Мемлекеттік тіл: курстар, акциялар.
3.7 Ақпараттық жұмыс: медиа-контент, онлайн жобалар.
PhD, Қарлығаш Маштайқызы Аширханова
Қоғамдық келісімді дамыту институтының директоры
k.ashirkhanova@asu.edu.kz, +77013400303