Оқытушы-зерттеушілер
Оқытушы-зерттеушілер

Куанбаева Баян Улжагалиевна
«Физика және техникалық пәндер» кафедрасының. профессор м.а.
Эл. почта: Bayan_Kuanbaeva@mail.ru
Mo6.тeм.::+77015001069
Білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: 1992 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Физика» факультетін бітірген, мамандығы: "Физика", біліктілігі: "Физик. Оқытушы". (ШВ № 332238) 2004 жылы 13.00.01—Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. (№0011707) 2007 жыл - педагогика мамандығы бойынша доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағы (№0000089) алды
Ғылыми бағыты Білім беру, физика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері, физиканы оқыту әдістемесі, оқытудағы дидактикалық мәселелер, педагогикалық технологиялар, физикалық процестерді компьютерлік модельдеу. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша жобалар: 1. Физикалық интерактивті компьютерлік модельдеудің заманауи мектепте онлайн оқытуды жүзеге асырудағы тиімділігі. 2. Қазіргі заман талабына сай өндіріс жағдайында орта мектепте физиканы оқыту үдерісінде политехникалық білім беруді жаңғырту Кәсіби қызмет Кәсіби еңбек өтілі 31 жыл, Оның ішінде: 2 жыл Атырау облысы дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназиясының физика пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1992-1994 жж.). 1994 жылдан бері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика және техникалық пәндер кафедрасында оқытушы (1994-96 жж), аға оқытушы (1996-2005 жж), кафедра меңгерушісі (2005-2014гг), қауымдастырылған профессор (2014-2023гг), 2023 жылдан бастап профессор м.а..
Оқытатын пәндері Электр және магнетизм Электродинамика Физикалық білім беруді технологияландыру Заманауи мектептегі физикалық эксперимент Жалпы физика курсының арнайы тараулары Деңгейлік физикалық есептерді шешу Электр және оптиканың таңдаулы тараулары Кристаллография Заманауи физиканың өзекті мәселелері
Марапаттаулары 1. "Ы.Алтынсарин" (2010ж.) төс беогісі. 2. Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2019 3. А. Байтұрсынов күміс медальі. (2021ж.) Монографиялары: 1. Куанбаева Б.У. Педагогикалық жүйені технологияландыру. 2019,Монография, Алматы, Отан 130 Б. 8,2 б.т. 2. Куанбаева Б.У. Физикалық білім берудегі интерактивті компьютерлік модельдер. Монография. Атырау, Kaz «Project» баспасы, 2020. -130 б. 3. Қуанбаева Б.У., Тумышева А.А. «Физиканы онлайн оқытудағы интерактивті компьютерлік модельдерді қолданудың тиімділігі». Монография. Атырау, «ASSEM» баспасы, 2021. -112 б.
Оқулықтың немесе оқу құралының атауы 1. Имашев Г.И, Куанбаева Б.У. Физикадан сараланған тапсырмалар.Оқу құралы. 2019. Алматы, Отан, 165б. 2. Куанбаева Б.У., Мураткалиева А.Н. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымы. Электрондық оқулық. Авторлық құқық № 2283. 10 шілде, 2018. 3. Куанбаева Б.У., Тумышева А.А. Физикалық эксперименттік есептер, Қ.Р., Атырау қ., Kaz Project. 2020, 112 б. 4. Қуанбаева Б.У. «FLASH көмегімен физикалық интерактивті лабораториялық жұмыстарды жасақтау» Оқу құралы, Атырау, «ASSEM» баспасы, 2021. -96б 5. Куанбаева Б.У., Тумышева А.А., Салыкбаева Ж.К. Политехникалық мазмұндағы физикалық есептер жинағы Қ.Р., Атырау қ., Kaz Project, 2021.111б. 6. Имашев Г., Қуанбаева Б.У., Тумышева А.А., Салыкбаева Ж. Политехнические задачи при изучении курса физики, Әдістемелік құрал, КеАҚ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, 2021. -101б. 7. Қуанбаева Б.У., Бектемірқызы Г«Сақталу заңдары», Электрондық оқулық, . Авторлық құқық куәлігі № 19940«26» тамыз 2021 жыл 8. Қуанбаева Б.У., Мураткалиева А.Н. «Қысым тақырыбына арналған интерактивті модельдер», 7 сынып, Электрондық оқулық, Авторлық құқық куәлігі № 19940«26» тамыз 2021 жыл. 9. Рахметов М.Е, Куанбаева Б. У. «Қашықтан оқыту платформалары» Электронный учебник № 33454 от «10» марта 2023 года
Ғылыми тағылымдамалар 1. Certificate of achievement certificado de aprovechamiento. passport 09510183A, has completed and passed the assessment tests set out in the course TEACHING TECHNIQUES DEVELOPMENT, held from 10/26/15 to 11/4/15 (mm/dd/yy) of 45 classroom hours, corresponding to 4.5 credits, and in witness whereof, I hereby sign this certificate. Univercitat politecnica de Valencia. Spain 06.11.2015 72ч. 2. In formal recognition of the completion of the international online-internship «Inclusive vocational education: modern approaches» December, 9– 20 2022, 72 hrs. Head of the educational online platform SKLAD
Таңдаулы басылымдар (2022-23 оқу жылы бойынша) Шетелдік мерзімді басылымдарда 1. Bayan Kuanbayeva and others. The effectiveness of using interactive computer models as methodological tools in science school education World Transactions on Engineering and Technology Educa Vol.20, No.4, 2022. ( Q2. процинтиль -65) 2. Abirov, D., Ybyraimzhanov, K., Turkmenbayev, A., Abdykerimova, E., & Kuanbayeva. Innovative features of education in Kazakhstan’s Lyceum-Gymnasium Cypriot Journal of Educational Science. 17(1), 169-183.2022. ( Q3. процинтиль -36)
DOI: https://doi.org/10.18844/cjes.v17i1.6693 3. Peter Schmidt, Садвакасова А.К, Рахметов М.Е. Молдабаева Ж.Ш., Куанбаева Б.У. Systems and effective management methods in the conditions of digitalization. «Sustainable and Innovative Development in the Global Digital Age » Dela Press Conference Series: Economics, Business and Management Vol. 003 023 (2022)Web of Science. https://doi.org/10.56199/dpcsebm.tfer7491
Отандық мерзімді басылымдарда: 4. Сабирова Ж.Н., Шугаева Г.К., Шамбилова Г.К., Муханбетжанова А.У., Куанбаева Б.У. Инклюзивті топтағы балалармен қарым‑қатынас мәдениеттілігін қалыптастыру. Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. № 1(105)/2022. Б. 94-102 5. Абдыкеримова Э.А., Туркменбаев А.Б., Куанбаева Б.У. Робототехника пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының х а б а р ш ы с ы 5 (399) 2022. Б.5-18. https://doi.org/10.32014/2022.2518-1467.354 6. Абдыкеримова Э.А., Туркменбаев А.Б., Куанбаева Б.У. Кейс технологиялар-оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формасы. Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының х а б а р ш ы с ы № 6 (400), 2022 https://doi.org/10.32014/2022.2518-1467.354. Б 5-22 7. Куанбаева Б. У. И др. Физикадан интерактивті компьютерлік модельдер негізіндегі электрондық оқулықтың құрылымы. Торайғыров университетінің Хабаршысы, 2022 №3 . Б. 97-107 8. Абдыкеримова Э.А., Туркменбаев А.Б., Куанбаева Б.У.. Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесі. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы» .№ 1 (401), 2023. Б.223-237. 9. Абдыкеримова Э.А., Туркменбаев А.Б., Куанбаева Б.У.. Қашықтықтан оқыту үдерісінде виртуалды зертханалық жұмыстарды құру мен қолдану әдістемесі "Абылай хан атындағы КазУМОиМЯ хабаршысы", "педагогикалық ғылымдар" сериясы, №1, 2023.

Білімі және ғылыми дәрежесі: 1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Ядролық физика» мамандығы бойынша бітіріп, физика пәнінің оқытушысы біліктілігін алды. 2005 жылдың қазан айында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Еңбек жолы: 1990–1994 жж. — Алматы қаласындағы Жоғары энергиялар физикасы институтында инженер-физик. 1992–1995 жж. — Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының «Физика» мамандығы бойынша аспирантурасы. 1994–1996 жж. — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика кафедрасының оқытушысы. 1995–2007 жж. — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент. 2007 жылдан бастап — Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде қауымдастырылған профессор, кафедра профессоры, 2010–2013 жж. — кафедра меңгерушісі. Ғылыми зерттеу жұмысының бағыттары: ядролық физика, білім беру саласындағы цифрландыру, физиканы оқыту әдістемесі. Жетістіктері: Білім және ғылым саласындағы жетекші маман ретінде: - Болашақ бағдарламасының сарапшысы; - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында оқу-әдістемелік кеңестің (ОӘБ) мүшесі; - Абай атындағы ҚазНПУ "Физика" мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кеңестің (ОӘБ) мүшесі; - Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі (2023-2024); - жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуші (2023-2026); - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшысы; - Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің, Ғылыми кеңесінің, ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі; - Ясауи, Жетісу университеттерінің Хабаршы журналының рецензенті. Ғылыми еңбектері: 200-ден астам. Оның ішінде монография - 8, оқулық - 7, оқу құралы -19, авторлық құқық - 33, Патент -4, шетелдік басылымдарда -34, ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдарда- 52 Хирш индексі - 7. 8 - Білім беру бағдарламаларын әзірлеуші Гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі және 5 жобаның орындаушысы. Пайдалы модельге патент • Құрма қосылған ешкі сүтінен йогурт дайындау тәсілі» атты пайдалы модельге патент алынды (№5799 патент, 29.01.2021 ж.). • Дөңгелек қозғалысының энергиясын электр энергиясына түрлендіріп, мобильді құрылғыларды тікелей қуаттауға арналған портативті генераторлық модуль (№398937 өтінім — пайдалы модель). • Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған «PD-Box» портативті офлайн-хабы (№407536 өтінім — пайдалы модель). • Интерактивті кері байланыс жүйесі” (№11927 өтінім — пайдалы модель). МОНОГРАФИЯЛАР 1. Абыканова Б.Т. Инновационные методы обучения физике. Монография. - Атырау, 2020 АтМУ баспасы, ISBN 978-601-262-383-3 2. Abykanova B. Methodology of teaching physics with the use of information technology. Monograph.- Almaty: Homeland. Publishing house 2020, ISBN 978-601-262-350-5. 3. Таутенбаева А.А., Абыканова Б.Т. Особенности обучения цифрового покаления. Алматы, 2022 4. Abykanova B.T., Tautenbayeva A. Digital communities as a framework for small rural teacher empowerment: A monograph. Ankara: Bizim Büro Digital Matbaası, 2025. – P.126. ISBN 978-605-325-333-4. 5. Abykanova B.T., Tautenbayeva A. A framework for soft skills in education. –Ankara: Bizim Büro Digital Matbaası, 2025. – P.116. ISBN 978-605-325-334-1. 6. Абыканова Б.Т. Кусаинов Г.М., Таутенбаева А.А., Бақтыгереев А. Сельская малокомплектная школа: история, современность и перспективы развития. Монография. –Атырау: AtyrauPress, -2025. -237 б. 7. Главы монографии на базе Скопус 8. Главы монографии на базе Скопус Марапаттары: 1. ЖОО арасындағы конкурстың «Үздік оқытушы-15» иегері; 3. Министрдің Құрмет граммотасы (2016ж.); 4. Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі (2018ж.); 5. Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін Досмұхамедұлы атындағы төсбелгі(2025ж.).

Мугауина Гулбарам Олжагалиевна - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. 1985 жылдың 2 қазан күні Атырау облысы, Индер ауданы, Зеленый селосында дүниеге келген. 1992 жылы Зеленый селосындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепті 1-сыныбына қабылданып, 2001 жылы негізгі орта мектепті бітірген. 2001 жылы Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінің «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» мамандығына түсіп, 2005 жылы аяқтаған. 2005 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай селосындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебіне ағылшын тілі пәнінен дәріс беріп, мұғалімдік қызметін атқарған. 2006-2010 жылдар аралығында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын игерген. 2008 жылдың 1 желтоқсан айынан бастап Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жалпы және халықтық педагогика кафедрасына лаборанттық қызметіне жұмысқа орналасады. 2012-2014 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің 6М010300-Педагогика және психология мамандығын аяқтайды. Еңбек жолын 2012-2018 жылдар аралығында Оқу бөлімінің әдіскері ретінде жалғастырады. 2014-2016 жылдары ЖОО-ның 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығына оқуға қабылданып, «Мемлекеттік сектордағы басқару» атағына ие болады. 2018-2021 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантураға түскен. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Инновациялық білім беру факультетінің Психология және педагогика кафедрасында қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD) қызметін атқарып келеді. 2022 жылдың 28 қазанында 6D010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша диссертациялық жұмысымды сәтті қорғап, «Философия докторы (PhD)» дәрежесін алды. 2021-2024 жылдар аралығында Инновациялық білім беру факультетінің декан орынбасары қызметінде болған.

Шугаева Гулшат Конратовна- психология және педагогика кафедрасының қауымд..профессоры Байланыс мәліметтері: Эл.почта:gshugayeva@mail.ru Моб.тел.: +7-701-4043178
Білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы: 1986 жылы Гурьев педагогикалық институтының (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) тарих -филология факультетін бітірді.
Мамандығы: «Ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті», квалификация: «Ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі». 1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің күндізгі оқу аспирантурасын бітірді. 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің инновациялық білім беру факультетін бітірді. Мамандығы: «5В010500 – Дефектология», академиялық дәрежесі: «Білім бакалавры». 2006 жылы «13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ғылыми қызығушылықтары: педагогика, психология, арнайы педагогика, инклюзивті білім беру. Кәсіби қызметі: Кәсіби өтілі: 37 жыл. Оқытушы, аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Марапаттары: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік гранты мен атағының иегері (2021ж.)
Оқитын курстары: Арнайы педагогика ( орыс және қазақ тілінде оқылады ), Инклюзивті білім беру (қазақ тілінде оқылады), Педагогика ( орыс және қазақ тілінде оқылады ), Психология ( орыс және қазақ тілінде оқылады ).
Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар: «Қазақстандағы шағын жинақталған мектептердің дамуы». Оқулық, Қарағанды, 2021, «Психолог қызметіндегі кәсіби этика» Оқу құралы, Алматы, 2020ж., «Жеке тұлға психодиагностикасы (практикалық материалдар)» Оқу-әдістемелік құралы, Атырау, 2020 ж., «Жетістікке жету және көшбасшылық» Оқу-әдістемелік құралы, «Pedagogy» (ағылшын тілінде)- Оқу-әдістемелік құралы, Атырау,2021.
Таңдамалы жарияланымдар (соңғы 5 жылда) 50-ге жуық психология және педагогиканың өзекті мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында жарияланған ғылыми мақалалар авторы. Оның ішінде 2 мақала Web of Science басылымында жарияланған, 10 мақала ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылым тізбесінде бар басылымдарда жарияланған. 4 оқу-әдістемелік құралы, 1 оқу құралы, 1 электрондық оқулық, жобамен оқыту бойынша авторлық құқық берілген әдістемелік нұсқаулықтың авторлардың бірі. 1.Оқушылар мазасыздығы мәселесінің зерттелінуі жағдайы. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал, Алматы, №12/2 2019 2. Оқытушы мен студенттің тұлғааралық қатынасының мазмұнын жетілдірудің ерекшеліктері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi ХАБАРШЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(64), 2019 ж. 3.ЖОО-да болашақ мамандарды мектептегі инклюзивті білім беру жүйесіне дайындаудың мүмкіндіктері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi Педагогика және психология Ғылыми-әдістемелік журнал. №1(42) 2020 4. Болашақ мамандардың адамгершілік жауапкершілігін қалыптастырудың мәні мен мазмұны. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi ХАБАРШЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(61), 2019 ж., Алматы 5.Мұғалімнің маңызыды сапасы ретінде педагогикалық толеранттылықтың психологиялық мазмұны.«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал, Алматы, №5/2 2020 6. Дарынды оқушылардың ішкі тұлғалық дамуының психологиялық аспектілері. Торайғыров университетінің хабаршысы«Педагогика » сериясы, №4, 2022 ж., Павлодар

Білімі және ғылыми дәрежесі: 1993 ж. Атырау педагогикалық институты, физика-математика факультеті, математика және информатика пәнінің мұғалімі. 2006 ж. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-математика ғылымдарының кандидаты (05.13.18 – математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені). 2011 ж. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр. 2025 ж. 20 наурызда «Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор. 2025 ж. 27 қарашада ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Жұмыс қызметтері: 1993-1994 – Жамбыл атындағы орта мектеп, информатика пәнінің мұғалімі. 1994-1995 – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, оқытушы. 1995-2000 – ЭЕМ зертханасының меңгерушісі. 2000-2009 – оқытушы, аға оқытушы, доцент. 2011-2012 – Экономика факультетінің деканы. 2012-2019 – «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2019-2021 – ФМжАТ факультеті деканының ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары. 2020 – қазіргі уақытқа дейін – «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессор м.а. 2024 жылдан бастап – Ұлттық инженерлік академиясы Атырау филиалының ғалым хатшысы. Ғылыми қызығушылықтары: Компьютерлік ғылымдар және информатика, Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені, Ақпараттық жүйелер мен технологиялар, Білім беруді басқару. Халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және семинарларға қатысу: 2009 ж. Қалмақ мемлекеттік университеті, Элиста – «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» тақырыбындағы қысқа мерзімді тағылымдама. 2022 ж. 1 мамыр – 1 қараша, Линкольн университеті, Ұлыбритания – «Болашақ» бағдарламасы бойынша «500 Ғалым» ұзақ мерзімді тағылымдама. 2023 ж. 3-16 желтоқсан, Қырғыз-Түрік Манас университеті, Бішкек – ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы.