Университет

Сапа мониторингі кеңсесі

14.11.2025 230

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңсенің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Негізгі міндеттері:

-           Оқытудың барлық сатыларында білім беру процесінің оқу-әдістемелік негіздеріне Мониторинг жүргізу;
-           ЖОО-ның білім сапасы саласындағы стратегиясы, мақсаттары мен жоспарлары туралы университет персоналы мен білім алушылардың хабардар болу деңгейіне мониторинг жүргізу;
-           Білім беру сапасының мониторингі бойынша отандық және шетелдік тәжірибені талдау;
-           ЖОО-ның оқу бөлімшелерінде білім беру процесін іске асыру сапасын талдау;
-           Білім беру процесіне байланысты кафедралар, деканаттар және басқа да құрылымдық бөлімшелер қызметіне жоғары оқу орнының ішінде мониторинг жүргізу;
-           Білім сапасын өлшеу тәсілдерінің бірі ретінде студенттердің университеттің талаптарына және аккредиттеу көрсеткіштерінің талаптарына сәйкестігін қабылдауына қатысты ақпаратты жинау және мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар әзірлеу;
-           Оқу бөлімшелерінде білім беру процесін ұйымдастыруға жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
-           Білім беру сапасын мониторингілеу процестерін регламенттейтін құжаттарды бекітуге дайындау;
-           Білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша сауалнама жүргізу;
-           Сауалнама нәтижелерін талдау;
-           Оқу-әдістемелік құралдарды, нұсқаулықтар мен ережелерді әзірлеуге қатысу.
-           Университет ПОҚ жалпы рейтингісін, факультеттер, кафедралар рейтингін жасауға қатысу.
-           Аккредиттеуді өткізу теориясы, әдістемесі және технологиясы мәселелері бойынша Университеттің ішкі сарапшыларына институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу критерийлері мен рәсімдерін түсіндіру үшін семинарлар ұйымдастыру;
-           ЖОО-ны институционалдық аккредиттеуге дайындық бойынша жұмыстарды үйлестіру;
-           ЖОО-ның халықаралық аккредиттеу рәсіміне қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-           Білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуге дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
-           Тізілімге енген агенттіктер жүргізетін аккредиттеу рәсіміне қатысу;
-           Жүргізілген аккредиттеу бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын талдау;
-           Білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
-           ЖОО бөлімшелерінің құжатталған үдерістерді, әдістемелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша қызметті үйлестіру.

 

Негізгі функциялары:

-           Білім беру процесін ұйымдастыру мониторингі;
-           Университеттің білім беру сапасы саласындағы стратегиясы, мақсаттары мен жоспарлары туралы университет қызметкерлері мен білім алушылардың хабардар болу деңгейіне мониторинг жүргізеді;
-           Білім беру сапасын мониторингтеу бойынша отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жүргізеді;
-           Білім беру сапасын мониторингтеу үдерістерін регламенттейтін құжаттарды бекітуге дайындауды жүзеге асырады;
-           Университеттің оқу бөлімшелерінде білім беру процесін іске асыру сапасына талдау жүргізеді;
-           Білім беру процесіне байланысты кафедралар, деканаттар және басқа да құрылымдық бөлімшелер қызметіне университетішілік мониторинг жүргізеді;
-           Білім беру сапасын өлшеу тәсілдерінің бірі ретінде студенттердің университеттің өз талаптарына және аккредиттеу көрсеткіштерінің талаптарына сәйкестігін қабылдауына қатысты ақпаратты жинау және мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;
-           Оқуға дайындықты, қалдық білім деңгейін және т.б. анықтауға арналған сауалнамалар әзірлейді;
-           Оқу бөлімшелерінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жүргізеді;
-           Бөлім білім беру қызметі мәселелері бойынша студенттерге сауалнама жүргізуге қатысады.
-           Сауалнама деректеріне талдау жүргізеді;
-           Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;
-           Аккредиттеуді жүргізудің теориясы, әдістемесі және технологиясы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырады;
-           Университет пен білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау есептерін дайындау жұмыстарын үйлестіреді;
-           Белгіленген мерзімде университеттің және білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау құжаттарын Аккредиттеу агенттігіне жолдайды;

-           Институционалдық, мамандандырылған аккредиттеу және постаккредиттеулік мониторинг рәсімдеріне қатысады;
-           Өткізілген аккредиттеу бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарына талдау жүргізеді;
-           Институционалдық аккредиттеу (ИА) қорытындылары бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
-           Білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша сыртқы сараптау комиссиясының ұсынымдарын орындау туралы есептерді дайындау жұмыстарын үйлестіреді;
-           Білім беру бағдарламаларын постаккредиттеулік мониторингке дайындау бойынша тексеріс жүргізеді;
-           Республикалық аккредиттеу агенттіктерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді;

-           Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия және лицензияға қосымшалар алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
-           Университеттің нормативтік құжаттарының тізілімін жүргізеді;
-           Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеудің негізгі қағидаттарын айқындайды;
-           Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және түзету қажеттілігін айқындайды;
-           Ішкі нормативтік құжаттар жобаларының құжат айналымы талаптарына сәйкестігін тексереді;
-           Ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар жобаларының құжат айналымы талаптарына сәйкестігін тексереді;
-           Құрылымдық бөлімшелерге сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін дамыту, үдерістерді құжаттау және нормативтік құжаттарды енгізу мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.

 

Құрылым басшысы,осы бөлімге қарасты жауапты мамандар туралы мәліметтер:

Кайшыгулова Жанна Тлеуовна

Сапа мониторингі кеңсесінің жетекшісі

 zh.kayshygulova@asu.edu.kz