Халелтану зертханасы
«Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы
Жалпы мәліметтер
«Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми-зерттеу орталығы өзіндік қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрықтарымен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жарғысымен және осы ережеге сәйкес басқарылады.
Ғылыми-зерттеу орталық толық аталуы: «Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы
Ғылыми-зерттеу орталық Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ғылыми-өндірістік, зерттеу бірлестігі түрінде ұйымдастырылады.
2. Негізгі мақсаты
Энцоклопедист ғалым, профессор Х.Досмұхамедовтың мұраларын зерттеу, зерделеу
оны педагогика тарихы саласының ғылыми айналымына енгізу.
3. Негізгі міндеті
3.1 Х.Досмұхамедовтың шығармашылық мұрасын педагогика, жаратылыстану,
тілі білімі, тарих, филология ғылымдарының тоғысында зерттеу, зерделеу; Ғалым мұраларын заман талабына сай цифрландыру;
3.2 Халел өмірі мен шығармашылығын шет елдерге қолдану мәселелері;
3.3 Академиялық ұтқырлықпен келген студенттер мен шет елдік профессор
оқытушыларға таныту, насихаттау;
3.4Педагог-ғалымның тағылымдық
мұраларындығы патриоттық тәрбие идеялары негізінде жастарды
ұлтжандылыққа, елжандылыкка тәрбиелеу.
3.5 Қазақстан Республикасы заңдарында тиым салынбаған басқа да қызметтерді атқару.
4. Негізгі қызметі
4.1 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, халықаралық, мемлекеттік, салалық және аймақтық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу;
4.2 Қазақстан Республикасы өкілетті органдарының рұқсаты (лицензия) негізінде басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
4.3 Ғылым мен техниканың негізгі басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүргізу.
Сонымен қатар, орталық халелтанушылардың ғылыми мақалаларын, Өзбекстан Республикалық Орталық мемлекеттік мұрағатынан 250-ге тарта алынған құжаттар жинағы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан алынған 164 мұрағат құжаттары, 1922-26 жылдары шыққан Ұлттық ғылым академиясының сирек кездесетін кітаптар қорынан көшірмелерін зерттеуші қауымға, ізденуші студенттерге- магистранттарға ұсынады.
Университетішілік бюджеттен қаржыландыратын қолданбалы зерттеулер:
«Х. Досмұхамедовтың мұраларын білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдары»
Жетекшісі: Джанзакова Ш.И., педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Басты ғылыми қызметкер: Базарғалиев Ғ.Б., педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор м.а.