Стратегиялық даму кеңсесі
Стратегиялық даму кеңсесі университеттің даму стратегиясы мен жоспарларын әзірлеу және түзету бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді, олардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ үдерістік тәсілге негізделген сапа менеджменті жүйесін басқаруды жалпы үйлестіруді жүзеге асыратын “Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кеңсе қызметінің мақсаты - ұлттық, халықаралық аккредитациядан өтуге, ұлттық және әлемдік рейтингке қатысу үшін құрылымдық бөлімшелерді даярлау арқылы білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Кеңсенің негізгі міндеттері:
- қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету және оларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен уақытылы түзету шараларын жүзеге асыру, университеттің даму стратегиясы көрсеткіштерінің мониторингін жүзеге асыру;
- университеттің ұстанымдарын анықтау және критерийлердегі өзгерістерді уақытылы бақылау, мониторинг жүргізу;
- университеттің жоғары оқу орындары рейтингісіне қатысу аясында құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіру;
- университетті дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру кезеңдерін үйлестіру;
- қызметтің басым бағыттарын ескере отырып, университетті дамытудың стратегиялық жоспарын басқару және жүзеге асыру;
- көрсетілетін қызметтер сапасының проблемаларын болжау;
- университет қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Стратегиялық даму кеңсесінің құрылымына ISPACE БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЫ және ЭКО-КАMPUS ДАМУ бөлімі кіреді.
Бисалиева Шарбат Саламатовна
Стратегиялық даму кеңсесінің басшысы
Шотанова Райса Айтжановна
Стратегиялық даму кеңсесінің жетекші маманы