Media Image
13.10.2025 68

85 жылдыққа арналған Білім қоры: сіздің кітабыңыз — біздің мұрамыз

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойына орай Ғылыми кітапханада «85 жылдыққа арналған Білім қоры: сіздің кітабыңыз — біздің мұрамыз» акциясы басталды.

Акцияның мақсаты — университеттің интеллектуалдық және мәдени мұрасын сақтау және арттыру, қызметкерлеріміздің еңбектері мен шығармашылық жұмыстары студенттерге, магистранттарға және зерттеушілерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Бұл қор болашақ студенттер мен зерттеушілерге құнды мұра, шабыт көзі болмақ.

Акция аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы өз кітап қорындағы кітаптарын ғылыми кітапхана қорына сыйға тартты.

file