Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Каспий тұрақты инновациялар орталығының бастамасымен робототехника және мехатроника зертханасының салтанатты түрде ашылуы өтті.
Жаңа зертхана өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-академиялық қызметті дамыту аясында ашылып отыр. Орталықтың басты мақсаты – аймақтың орнықты болашағын қалыптастыруға ықпал ететін баламалы технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу.
Ашылу рәсіміне Astana IT University, FabLab зертханасының меңгерушісі Данияр Даулетия, Атырау университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар, ғылыми қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Зертхананың салтанатты ашылу рәсімін п.ғ.д., профессор Асхат Иманғалиев, Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов және т.ғ.д., профессор Бекет Кенжеғұлов орындап, зертхананың лентасын қиды.
Іс-шара барысында ПЦФ BR 28713197 бағдарламасының 3-бағыты бойынша атқарылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Аталған бағыт өнімділікті, тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруға арналған робототехника мен мехатроника саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған.
Жобаның негізгі міндеттері – өндірістік үдерістердің өнімділігін арттыру, тиімділігін жоғарылату және қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету. Осы мақсатта жаңадан ашылған зертхана заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, студенттер мен ғалымдарға ғылыми әрі тәжірибелік зерттеулер жүргізуге кең мүмкіндік береді.
Сонымен қатар зертхана өнеркәсіптік сектордағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын маңызды алаңға айналмақ.