Артқа
Койшығұлова Ләйлә Ерболатқызы
п.ғ.к.,қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
Койшигулова Ляйля Ерболатқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.
1985-1990 жж. Атырау педагогикалық институтының Орыс тіліңде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен орыс әдебиетіңін мұғалім мамандығы бойынша, 1999-2002 жж. Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің Педагогика және Психология мамандығы бойынша аспирантурасында білім алды.
2004 жылы 13.00.01. «Жалпы педагогика, этнопедагогика және білім беру тарихы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады.
2004 - 2005 ж.ж. магистратура және аспирантура бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2016 ж. Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» грантына ие болды.
2011-2013 ж.ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің академиялық саясат департаменті, офис-тіркеуші бөлімінің басшысы қызметін, педагогика және психология факультетінің деканы болып тағайындалды.
2018 ж. - педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор қызметінде жұмыс істейді.
Койшигулова Л.Е. өзінің кәсіби деңгейін белсенді түрде арттырады. «Білім берудегі менеджмент» білім бағдарламасы бойынша 2015, 2017 жылдары Францияда, Португалияда шетелдік тағылымдамалардан өтті.
2013 жылдан бастап ҚР Білім және Ғылым министрлігінің аттестациялық комиссия құрамында жұмыс жасап, ҚР БжҒ Министрінің алғыс хатын иеленді.
Канаданың Саймон Фрейзер университетімен бірлескен «Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы Халықаралық серіктестік жобаның мүшесі. Л.Койшигулованың негізгі ғылыми еңбектері ҚР білім беру, педагогика, тәрбие теориясы, білім беру мазмұнын жаңарту, салыстырмалы педагогика, инклюзивті білім беру, әдіснамалық-теориялық негіздері, болашақ мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелеріне арналған. Өз кезегінде ғылыми жарияланымдармен белсенді айналысады: республикалық және халықаралық басылымдарда 70-тен астам мақаласы жарық көрген, 5 оқу-әдістемелік құралдың, 3 монографияның авторы. Екі авторлық куәліктің иесі. Л.Койшигулованың жетекшілігімен студенттер мен магистранттардың дипломдық және диссертациялық жұмыстары жазылған. Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысып, баяндама жасайды.
Жаңа технологияларды оқыту бойынша көптеген сертификаттарға ие болды.