Артқа
Қазиев Қарас Оржанұлы
Кафедра меңгерушісі, PhD, ассоцированный профессор
Өмірбаян
Казиев Карас Оржанұлы - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. 1983 жылы 27 қыркүйек Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосының Балабейт елді мекенінде дүниеге келген.
2000 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селеосындағы Жаңашаруа қазақ орта мектебін бітірген. 2001жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығына түсіп, 2005 жылы Педагог-психолог біліктілігі берілген.
2005-2008ж.ж. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде педагогика және психология пәндерінің оқытушысы болып жұмыс жасаған.
2008-2011ж.ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының стажер–оқытушыcы, аға оқытушы-магистр.
2011-2017ж.ж. Психология, педагогика, және өнер факультетінің декан орынбасары.
2017-2020ж.ж. бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алған. 2020ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте «Болашақ педагог-психологтердің рефлексиясын дамытудыңы ғылыми негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы PhD дәрежесін алған.
2020ж. бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD докторы.
2022ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 18.04.2025ж №561 бұйрығы негізінде қауымдастырылған профессор ғылыми дәрежесі берілген.
«Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
Ғылыми бағыты «Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың ғылыми негіздері» ғылыми бағытта халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференциялармен қатар республикалық басылымдарда педагогика және психология ғылымдарының өзекті мәселері бойынша 50 ден аса ғылыми мақала, оның ішінде Web of Science, Scopus деректер базасына енетін шетелдік журналдарда 8 мақала, 7 авторлық куәлік, 1 монография, 2 оқу құралы және 1 оқу-әдістемелік құралы мен 1 элективті курсының авторы.