Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті
Кеңес барысында оқу орнының стратегиялық бағыттары, академиялық даму мәселелері, университеттің халықаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы, сондай-ақ 2025 жылғы ғылыми қызметінің қорытындылары қаралды. Сонымен қатар, әріптестерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Ғылым саласындағы нәтижелі еңбегі үшін университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттарына ие болды:
– Көптілді білім беру факультетінің деканы, профессор, ф.ғ.к. Амангазиева Меруерт Құсайынқызы – ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгімен;
– Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Дюсебалиева Соледад Сагинова – құқық қорғау органдарына қосқан үлесі үшін төсбелгімен;
– Іс жүргізу бөлімінің жетекшісі Изтелеуова Гүлжүзім Амандыққызы – Құрмет грамотасымен;
– Университет архиві жетекшісі Ақбалиева Айтолқын Жалғасқызы – Алғыс хатпен;
– Персоналды басқару және дамыту бөлімінің маманы Шоканова Күнсұлу Жасталапқызы – Алғыс хатпен;
– Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдау бөлімінің жетекшісі Даулетова Гүлзира Абайқызы – Алғыс хатпен марапатталды.
Ұжым атынан марапат иелерін құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!