ҚР Президентінің Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиында сөйлеп, ел дамуының бүгінгі бағыты мен болашағы жастардың қолында екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Конституция — ел өмірінің негізгі заңы, мемлекеттік саясаттың өзегі әрі қоғам тұрақтылығының кепілі екенін айтты. Президенттің сөзінше, жас ұрпақтың білімді, жауапты әрі белсенді болуы Қазақстанның табысты келешегін айқындайды.
Сонымен қатар Президент жаңа Конституцияның ресми түрде күшіне ену мерзіміне тоқталып, Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтілетінін мәлімдеді. Бұл маңызды құжат еліміздегі құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған басты тірек болып қала береді.
🇰🇿 Конституция — тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасы, халық бірлігі мен тұрақты дамуының негізі.
📷 Дополнительные изображения