Академиялық адалдық жолында: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде мониторинг жүргізілуде
Лиганың 2025 жылғы 20 қарашадағы Жалпы жиналысының шешімі негізінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Академиялық адалдық лигасының құрамына қабылданды. Осыған байланысты, 2026 жылғы 25 ақпанда Лига стандарттарына сәйкестікті тексеру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу процедурасы басталды.
Мониторинг комиссиясының құрамы:
1. Нұргүл Нұрлан — Лиганың Жобалық кеңсесінің жетекшісі (AIL, Project Office Head);
2. Джемалединова Инна Михайловна — «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі;
3. Ахметов Нуркен Махсутович — «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;
4. Дузбаев Нуржан Токкожович — «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректоры;
5. Буршукова Гульзия Адильбековна — «Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Рейтинг, наукометрия, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) және инклюзивті білім беру жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі.
Бірінші күні Университеттің Басқарма төрағасы — Ректормен және проректорлармен кездесулер өтті. Факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, құрылымдық бөлімше басшыларымен, үйлестірушілермен, ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшілерімен және профессор-оқытушылар құрамымен сұхбаттар жүргізілді. Білім беру процестерінің цифрландыру деңгейін зерделеуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, келесі негізгі тақырыптар бойынша семинар өткізілді:
• Академиялық адалдық институционалдық жүйе ретінде;
• Ғылыми зерттеулер;
• Саясаттар мен процедуралар.
Мониторинг тобы растаушы құжаттармен жұмыс жүргізіп, бірінші күннің бағдарламасын комиссияның ішкі кеңесімен қорытындылады.
📷 Дополнительные изображения