Құттықтаймыз!
2026 жылдың 23 ақпанында Астрахань қаласында өткен жеңіл атлетикадан 55-ші қысқы өңіраралық жарыс өтті.
Аталған додада Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының сеньор-лекторы Асқар Қазиев 1000 метр қашықтыққа жүгіруден жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Астрахань облысының Жеңіл атлетика федерациясының президенті Михаил Григорьевич Волченьков арнайы грамота және медальмен марапаттады.
Спорттағы жаңа белестеріңіз көп болсын!
📷 Дополнительные изображения