Media Image
28.01.2026 8

Атырау облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің  Ғылыми кеңес залында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА хатшылығының өкілдері, Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері және  Жас ғалымдар клубының мүшелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде  2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген негізгі мәселелерді талқылау және оларды өңірлік деңгейде іске асыру тетіктерін айқындау мәселесі қаралды.

Аталған бағыттар бойынша  ғылыми талдау жүргізіліп, өңірлік ғылыми-сараптамалық ұсыныстар әзірлеу жолдары талқыланды. Бұл мәселе бойынша  Саламат Нұрмұханұлы Идрисов баяндама жасады.

Сондай-ақ Атырау облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобы  Жас ғалымдар клубының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есеп тыңдады. Жас ғалымдардың ҚХА аясындағы рөлін күшейту мәселелері қозғалды.

Отырыстың қорытындысында  Ғылыми-сараптамалық топ пен Жас ғалымдар клубының 2026 жылға арналған құрамы жаңартылып,

Жас ғалымдар клубының төрағасы қызметіне  Гулбарам Олжагалиевна Мугауинаның орнына  Максот Елеусизович Рахметов тағайындалды.