Media Image
22.10.2025 17

«Егемендік декларациясы: елдікке бастаған тарихи құжат» атты ғылыми семинар өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде экономика және құқық факультеті азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Егемендік декларациясы: елдікке бастаған тарихи құжат» атты ғылыми семинар өтті.

Онда тарих ғылымының кандидаты, Қазақстан тарихы және дүние жүзілік тарихы кафедрасының профессоры Әділбек Тұрдалиев «Егемендік декларациясының конституциялық-құқықтық маңызы және оның тәуелсіз Қазақстан заңнамасының қалыптасуына ықпалы», Ph.D, тарих және дінтану пәнінің мұғалімі, «Қазақ даласындағы ислам тарихы» кітабының авторы Ернар Атаұлан «Алаш идеясы мен 1990 жылғы Егемендік декларациясының тарихи-саяси сабақтастығы» тақырыбында баяндамалар жасап, Түркияның Невшехир қаласындағы Қажы Бекташ Вели университетінің әдебиет факультетінің түркі фольклоры кафедрасының профессоры Адем Огер түбірі бір екі елдің салт-дәстүрі мен фольклорын салыстыра отырып, қазақ халқына игі тілегі мен жылы лебізін арнады.

Жастар үшін танымдық-тағылымдық тұрғыдан аса маңызды да пайдалы болған шара соңында студенттер сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.