Media Image
21.10.2025 18

«Ұлттық диктант» – сауаттылық пен ұлттық бірегейлікті нығайтудың көрінісі!

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің бастамасымен  «Ұлттық диктант» жалпы республикалық жобасы өтті. Бұл ауқымды мәдени-ағартушылық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақстандықтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тіл мәдениетін нығайту.

 Іс-шара барысында қатысушыларға арнайы нұсқаулық беріліп, диктант үш кезеңнен тұрды: дайындық, жазу және тексеру.

Ана тілінде жазушылар үшін Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жайы» мақаласынан үзінді таңдалса, екінші тіл ретінде меңгергендер үшін «Отан» тақырыбындағы шағын шығарма алынды.

Қатысушылар диктант жазу арқылы өздерінің тілге деген құрметін, сауатты жазу дағдысын және азаматтық жауапкершілігін айқын көрсетті.