
Каспий маңы елдерінің университеттер меморандумдарға қол қойды
Халел университетінің 85 жылдық мерейтойы аясындағы Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXVII Бас ассамблеясының отырысында білім, ғылым және мәдени байланыстардың маңыздылығы, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, қауымдастыққа мүше жоғары оқу орындары арасында бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Гилян университеті мен Астрахан мемлекеттік техникалық университеті, Гилян университеті мен генерал-администратор Ф.М. Апраксин атындағы Каспий теңіз және өзен көлігі институты, сондай-ақ, Атырау университеті мен Әзірбайжан технологиялық университеті, Атырау университеті мен Астрахан мемлекеттік техникалық университеті және Атырау университеті мен В.Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінің арасында өзара байланыс жөнінде келісім-шарттар жасалды.
Жиын барысында қатысушылар алдағы уақытта атқарылатын ортақ жұмыстарды пысықтап, өз пікірлерін ортаға салды. Талқылаулар нәтижесінде экологияны жақсарту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, теңіз экожүйесін қалпына келтіріп, биоалуандықты сақтауға бағытталған, қауымдастыққа кіретін елдердің тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылданды.
Қауымдастық қатары тағы бірнеше мүше-университеттермен толықты.
Келесі жылы Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының құрылғанына отыз жыл толмақ. Кезекті шара қауымдастық мүшелерінің шешімімен Иран Ислам Республикасының Решт қаласында орналасқан Гилян университетінде өтетін болып белгіленді.

