
Каспий маңы елдері университеттері қауымдастығының XXVII Бас ассамблеясы өтті.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында бүгін Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXVII Бас ассамблеясының мәжілісі өтті.
Жиында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ректоры С.Н.Идрисов Қауымдастық президенті ретінде университетке көрсетілген сенім мен құрметке алғыс білдірді. Жиын барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев облыс әкімінің атынан Қауымдастықтың атқарушы хатшысы Е.А. Юкинаға және Б.Б. Городовиков атындағы Калмыкия мемлекеттік университетінің профессоры А.К. Натыровқа Алғысхат табыс етті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілі Ақерке Абылайхан Қауымдастықтың халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті
Алқалы жиынға Каспий өңірі елдерінен және еліміздің жетекші оқу орындарынан беделді тұлғалар, Юрий Тимофеевич – Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының атқарушы директоры, Бейбіт Мамраев – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жули Рансон – PhD, Францияның Пуатье университетінің доценті, А.Н. Неваленный – Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры және басқалар қатысты.
