
Жасанды интеллект технологияларын қолдану тиімділікті арттырады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика және құқық факультеті менеджмент кафедрасы ПОҚ және студенттерінің қатысуымен «Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы кадрлық менеджменттің тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер аясында жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктері, тәуекелдері және болашағы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында студенттер өздерінің ғылыми баяндамаларын таныстырды. ПОҚ мен студенттер арасында тәжірибе алмасу, пікірталас және кәсіби диалог жүргізілді. Іс-шара жасанды интеллект технологияларын адам ресурстарын басқару жүйесіне енгізудің теориялық және практикалық аспектілерін талқылауға бағытталды. Бұл ғылыми шара қатысушылардың зерттеушілік қабілеттерін, аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау мен басқару салаларындағы цифрлық трансформация үдерістерін терең түсінуге мүмкіндік берді.
