Media Image
13.10.2025 65

Атырауда этномедиация тақырыбында эссе байқауы өтті

Атырау облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Медиация орталығы» бірлесіп, «Этномедиация: қайшылықтарды жеңу және бірлік құру» тақырыбында студенттер арасында эссе байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – жастардың этносаралық қатынастардағы көзқарасын қалыптастыру, этномедиацияның қоғамдағы рөлін арттыру және татулық құндылықтарын дәріптеуді көздейді. 
Байқауға ұсынған 21 шығарманың ішінен 6 үздік эссені қазылар алқасы іріптеп алған. Нәтижесінде І орынды Атырау университетінің 3-курс студенті Сабидуллина Айзада, ІІ орынды құқық қорғау қызметі мамандығының студенттері Ғайса Мадина мен Полякова Снежана, ІІІ орынды 4 курс студенті Ажгалиева Акбота және колледжі студенттері Бибіажар Елшатқызы, Динара Тлешқызы иеленді.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жастардың этномәдени толеранттылық пен келісім мәдениетін дамып, айқын көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

file
file