Media Image
18.09.2025 260

Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы мәжілісі өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2025 жылдың 17-қыркүйегінде Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті мәжілісі өтті.

Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісінде келесі сұрақтар қарастырылды:

 - 2025-26 оқу жылында Ғылыми-техникалық кеңестің жаңа құрамын сайлау;

- Монографияларды қарау және талқылау

- Әртүрлі мәселелер (2025-26 оқу жылындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасын бекіту, «Оқытушы-зерттеуші», «Зерттеуші» санаттары бойынша эксперттік сарапшылардың қорытындысы нәтижесінде ұсынылған кандидаттарды бекіту).

Мәжіліс қорытындысында, Ғылыми-техникалық кеңестің жаңа құрамы сайланып, бекітілді

Көптілді білім беру факультеті Орыс филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Л.Б.Алекешованың жетекшілігімен «Юмористический дискурс и особенности его стилистической реализации в литературе» (авторлары Л.Б.Алекешова, Г.М.Ишанова, В.Д.Курмангалиева), Жаратылыстану ғылымдары факультеті География және туризм кафедрасының аға оқытушысы А.З.Жұмағазиевтің «Фационально-палеографические особенности палеогеновых отложений Сырдарьинский впадины и связанные с ними полезные ископаемые», Химия және химиялық технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к. А.С.Қалауова, аға оқытушы, магистр И.Қ.Қуанышбектің «Modern concepts of the nature of chemical Bonding: from ionic to metallic bond» атты монографиялары қаралып, талқыланды. Кеңес мүшелері қолдады.

2023 жылдың 30-наурызындағы Сапа менеджменті жүйесінің №217 «Оқытушы-зерттеуші», «Зерттеуші» санаттары бойынша эксперттік сарапшылардың қорытындысы нәтижесінде ұсынылған кандидаттарды бекітті.

2025-26 оқу жылындағы Жас ғалымдар кеңесінің ұсынысы негізінде Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы бекітілді. Төраға ретінде Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Рахметов М.Е. сайланды.