Media Image

1 шілде 2025

Талапкер-2025: Шекті балл қанша?

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қабылдау комиссиясы 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлерді қабылдаудың шекті баллы төмендегідей бекітті.

Университетке жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлер қабылданады.

Талапкер тек күндізгі оқу түріне ғана қабылданады.

Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім берудің білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға қабылдануға орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар (жоғары білімнің қысқартылған мерзімін қарастыратын ұқсас мамандықтарға түсушілерді қоспағанда) жіберіледі. Олар ҰБТ тапсырып, оның нәтижесі бойынша келесі өту балдарын жинауы тиіс:

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне түсудің шекті баллы төмендегідей:

  • «Педагогикалық ғылымдар» және «құқық» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл,
  • «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша – кемінде 90 балл,
  • өзге білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл.

Сонымен қатар «Қазақстан тарихы» пәні және екі бейіндік пән (немесе шығармашылық емтихан) бойынша кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» мен «математикалық сауаттылық» пәндері бойынша кемінде 3 балл жинау қажет.

Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау екі кезеңде жүргізіледі:

  • 1-кезең: грант конкурсына қатысушылар үшін – 20 маусымнан 6 шілдеге дейін,
  • 2-кезең: ақылы оқуға түсушілер үшін – 20 маусымнан 10 тамызға дейін.

Шығармашылық емтихан өткізу мерзімдері:

  • 1-кезең: 8–13 шілде аралығында,
  • 2-кезең: 11–15 тамыз аралығында.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі:
13–20 шілде аралығы.

«Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша білім гранты конкурсына қатысатын тұлғалар республикалық бюджет есебінен жоғары білім грантын алу үшін арнайы емтиханды 15 шілдеге дейін тапсыруы тиіс.

«Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша ақылы оқуға түсушілер арнайы емтиханды 24 тамызға дейін тапсыруы қажет.

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 2025-2026 оқу жылына келесі бағыттар бойынша талапкерлерді оқуға қабылдайды:

Бакалавриат

Педагогикалық ғылымдар

БББ

тобы

коды 

Білім бағдарламасы

Бейіндік пәндер

Өту балы

В001

6B01101

Педагогика және психология

Биология - География

 

 

 

75

 

6B01102

Психология

Биология - География

В002

6В01201

Педагог-тәрбиеші және мектепке дейінгі білім беру әдіскері

Биология - География

6B01202

Мектепке дейінгі білім беру

Биология- География

В003

6В01301

Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы

Биология - География

6В01302

Бастауыш білім беру

Биология - География

В005

6В01401

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы

Шығармашылық Шығармашылық

90

 

6B01407

 

Дене шынықтыру және спорт

Шығармашылық Шығармашылық

В004

6В01402

Алғашқы әскери және технологиялық, дене шынықтыру дайындық мұғалімдері

Шығармашылық Шығармашылық

75

 

 

 

 

 

В006

6В01403

Музыка мұғалімі, қосымша білім беру педагогі

Шығармашылық Шығармашылық

6B01406

Музыкалық білім

Шығармашылық Шығармашылық

В007

6B01404

Бейнелеу өнері және көркем еңбек

Шығармашылық Шығармашылық

6B01405

Көркем білім 

Шығармашылық Шығармашылық

В009

6B01517

Математика

Математика - Физика

6B01501

Математика пәнінің мұғалімі

Математика - Физика

6В01508

Математика және физика пәндерінің мұғалімдері

Математика - Физика

В010

6B01502

Физика пәнінің мұғалімі

Физика - Математика

6B01515

Физика

Физика-Математика

6В01509

Физика және информатика пәндерінің мұғалімдері

Физика - Математика

В011

6B01503

Білім беру жүйесіндегі информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Математика-Информатика

6B01513

Информатика

Математика-Информатика

В012

6B01514

Химия

Химия-Биология

6В01507

Химия және биология пәндерінің мұғалімдері

Химия - Биология

В013

6B01511

Биология

Биология - Химия

6B01505

Биология пәні мұғалімі

Биология - Химия

6В01512

Жаратылыстану

Биология - Химия

В014

6В01516

География

География-Дүние жүзі тарих

6В01510

География және тарих пәндерінің мұғалімдері

География-Дүние жүзі тарихы

В015

6B01602

Тарих және қоғамтану

География-Дүние жүзі тарихы

6B01601

Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы

География-Дүние жүзі тарихы

В016

6В01701

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Қазақ тілі - Қазақ әдебиеті

В017

6B01707

Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілі - Орыс әдебиеті

6B01702

Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Орыс тілі - Орыс әдебиеті

6B01704

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Орыс тілі - Орыс әдебиеті

В018

6B01705

Шетел тілдері

Шетел тілі- Дүние жүзі тарихы

6B01703

Шетел тілі: екі шетел тілі

Шетел тілі- Дүние жүзі тарихы

В020

6В01901

Логопедия

Биология - География

6В01902

Арнайы педагогика 

Биология - География

6В01903

Эргопедагогика

Биология - География

6В01904

Ерте қолдау педагогикасы

Биология - География

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

В021

6B02101

Концерттік-камералық орындаушы, оқытушы

Шығармашылық Шығармашылық

 

 

 

 

 

50

6B02102

Халық аспаптары

Шығармашылық Шығармашылық

6B02104

Халық әні

Шығармашылық Шығармашылық

В031

6B02103

Таңдаған бағытта дизайн, білім беру жүйесінде суретші-дизайнер

Шығармашылық Шығармашылық

В033

6В02203

Дінтану

Шығармашылық Шығармашылық

В034

6B02201

Тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы

Дүние жүзі тарихы-География

В036

6B02301

Аударма және аударматану

Шетел тілі Дүние жүзі тарихы

В037

6B02302

Филология: қазақ филологиясы

Қазақ тілі - Қазақ әдебиеті

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпараттандыру

В041

6B03101

Психология

Биология - География

50

В042

6B03201

Журналистика және ақпарат

Шығармашылық Шығармашылық

Бизнес, басқару және құқық

В044

6B04103

Экономика және мемлекеттік басқару

Математика - География

 

 

 

 

50

6B04102

Саладағы менеджмент

Математика - География

6B04101

Экономика

Математика - География

В045

6B04104

Бизнес-процестерінің есебі, аудиті және талдауы

Математика - География

В046

6B04105

Қаржы және аналитика

Математика - География

В047

6В04106

Маркетинг. Менеджмент. Бизнес

Математика - География

6B04107

Маркетинг

Математика - География

 

В049

6B04201

Құқықтану

Дүние жүзі тарихы

Құқық негіздері

 

 

75

6B04202

Құқық қорғау қызметі

Дүние жүзі тарихы

Құқық негіздері

6В04204

Цифрлық заңгер

Дүние жүзі тарихы

Құқық негіздері

6В04205        

Адвокаттық қызмет

Дүние жүзі тарихы

Құқық негіздері

Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика

В050

6B05101

Биология

Биология -Химия

 

50

В051

6B05201

Қолданбалы экология

Биология - География

6B05202

Экоаналитика

Биология - География

6B05203

География

Биология - География

6B05204

Қалдықтарды басқару

Биология - География

В053

6B05301

Химиялық талдау және сараптама

Химия - Биология

В054

6B05302

Физик - зерттеуші

Физика - Математика

В055

6B05401

Қолданбалы математикалық модельдеу

Математика - Физика

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

В057

6B06101

Дизайндағы қолданбалы информатика

Математика-Информатика

50

6B06102

Бизнес-аналитика және IT-жобаларды басқару

Математика-Информатика

6B06103

Желілер мен жүйелерді әкімшіліктеу

Математика-Информатика

Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары

В076

6B07501

Стандарттау, метрология және сертификаттау

Математика - Физика

50

Ауылшаруашылық және биоресурстар

В080

6В08401

Балық шаруашылығы және ихтиология

Биология - Химия

50

Қызмет көрсету

В091

6В11101

Туризм және сервис

География - Шетел тілі

50

 

Шығармашылық дайындықты талап ететін қажетті құжаттар: 
  
 

  1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  2. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. форма 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
  5. ҰБТ сертификаты (бар болса);
  6. дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.

 

Қабылдау комиссиясына тапсыруға қажетті құжаттар (ақылы негізде, толық оқу мерзімі үшін):

  1. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (диплом түпнұсқасы);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3x4 сантиметр көлеміндегі 4 фотосурет;
  4. Форма 075 - У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
  5. ҰБТ сертификаты (болған жағдайда) ;
  6. "Педагогикалық ғылымдар"білім беру салалары бойынша түсушілер үшін Анықтама;
  7. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық берілгенін растайтын құжаттар мен квотаны қосымша береді (бар болса).

 

Қабылдау комиссиясына тапсыруға қажетті құжаттар колледжден кейін және жоғары білімі бар адамдар:

  1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3x4 сантиметр көлеміндегі 4 фотосурет;
  4. Форма 075 - У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
  5. ҰБТ сертификаты;
  6. "Педагогикалық ғылымдар"білім беру салалары бойынша түсушілер үшін Анықтама.

Шетел азаматтарын оқуға қабылдау! Оқуға қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (төлнұсқасы, нотариалды заңдастырылған көшірмесі, нострификациядан өткендігі туралы куәлігі немесе ХҚКО-ның (ЦОН) берілген қолхаты);
  2. жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды заңдастырылған паспорт көшірмесі);
  3.  3x4 сантиметр көлеміндегі 4 фотосурет;
  4. Форма 075 - У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
  5. ҰБТ сертификаты (болған жағдайда).

Әскери қызмет өткерген азаматтар университетінің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Университет ректорының атына өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады)
  2. Білімі туралы құжат (аттестат/диплом), (түпнұсқа); 
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
  4. 3x4 сантиметр көлеміндегі 4 фотосурет;
  5. Форма 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті; 
  6. Әскери билеті (көшірмесі); 
  7. Мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ЦОН-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін:

  1. білімі туралы құжат (түпнұсқа); 
  2. ҰБТ сертификаты; 
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
  4. 3x4 сантиметр көлеміндегі бір фотосурет;
  5. "Педагогикалық ғылымдар"білім беру салалары бойынша түсушілер үшін Анықтама;
  6. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық берілгенін растайтын құжаттар мен квотаны қосымша береді (бар болса).

 

 

Қабылдау комиссиясының байланыстары

 060001 Атырау қ., Студенттер даңғылы, 1
 №1 оқу ғимараты
, №250 кабинет
 Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Канатбаева Рауза Аблаевна
 +7
(7122) 27-63-21, +7 701 352 64 25
 r.kanatbayeva@asu.edu.kz

 

Конец формы

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – СІЗДІҢ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!