BR22883585 бағдарламасын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды сатып алу туралы хабарландыру
«Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» КеАҚ BR22883585 «Жайылымдардың өнімділік әлеуетін арттыру және оларды ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу» бағдарламасын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды сатып алуды жариялайды.
Тапсырыс беруші: «Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 1
БСН: 990240001891
Сатып алу тәсілі: баға ұсыныстарын сұрату
Ұсыныстарды қабылдау басталатын мерзім: 2026 жылғы 20 қараша, сағат 09:00
Ұсыныстарды қабылдау аяқталатын мерзім: 2026 жылғы 26 қараша, сағат 18:00-ге дейін
Ұсыныстарды ұсыну тілі: қазақ / орыс тілдері
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Сатып алу комиссиясының төрағасымен немесе мүшелерімен, ғылыми жобалардың жетекшілерімен, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру тобының (командасының) құрамына кіретін қызметкерлермен аффилиирленген әлеуетті жеткізушілер сатып алуға қатыса алмайды.
- Әлеуетті жеткізушілер заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.
- Әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік тіркеу мерзімі өтінім берілген күнге дейін кемінде 1 (бір) жыл болуы тиіс.
- Әлеуетті жеткізушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде болмауы тиіс.
Баға немесе коммерциялық ұсыныстардың (прайс-парақтардың) мазмұны:
- Қатысушының толық атауы, заңды және нақты мекенжайы;
- Телефон нөмірі, электрондық пошта, банктік деректемелері;
- Тауарлардың толық әрі нақты спецификациясы;
- Бірлік бағасы және жалпы бағасы, барлық шығындарды ескере отырып;
- Тауарды жеткізу мерзімі;
- Кепілдік мерзімдері, сапалық сүйемелдеу шарттары;
- Төлем шарттары.
Ақпараттың дұрыстығына жауапкершілік: жалған немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дисквалификация немесе өзге де санкциялар қолданылады.
Баға немесе коммерциялық ұсыныстар (прайс-парақтар) мына электрондық пошта мекенжайына жолдануы тиіс: kense@asu.edu.kz
Ескертпе: ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ұсыныстар қарастырылмайды.