Media resources
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Announcement

ХАБАРЛАНДЫРУ!

BR22883585 бағдарламасын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды сатып алу туралы хабарландыру

«Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» КеАҚ BR22883585 «Жайылымдардың өнімділік әлеуетін арттыру және оларды ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу» бағдарламасын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды сатып алуды жариялайды.

Тапсырыс беруші: «Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 1
БСН: 990240001891
Сатып алу тәсілі: баға ұсыныстарын сұрату
Ұсыныстарды қабылдау басталатын мерзім: 2026 жылғы 20 қараша, сағат 09:00
Ұсыныстарды қабылдау аяқталатын мерзім: 2026 жылғы 26 қараша, сағат 18:00-ге дейін
Ұсыныстарды ұсыну тілі: қазақ / орыс тілдері

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Сатып алу комиссиясының төрағасымен немесе мүшелерімен, ғылыми жобалардың жетекшілерімен, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру тобының (командасының) құрамына кіретін қызметкерлермен аффилиирленген әлеуетті жеткізушілер сатып алуға қатыса алмайды.
  2. Әлеуетті жеткізушілер заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.
  3. Әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік тіркеу мерзімі өтінім берілген күнге дейін кемінде 1 (бір) жыл болуы тиіс.
  4. Әлеуетті жеткізушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде болмауы тиіс.

Баға немесе коммерциялық ұсыныстардың (прайс-парақтардың) мазмұны:

  • Қатысушының толық атауы, заңды және нақты мекенжайы;
  • Телефон нөмірі, электрондық пошта, банктік деректемелері;
  • Тауарлардың толық әрі нақты спецификациясы;
  • Бірлік бағасы және жалпы бағасы, барлық шығындарды ескере отырып;
  • Тауарды жеткізу мерзімі;
  • Кепілдік мерзімдері, сапалық сүйемелдеу шарттары;
  • Төлем шарттары.

Ақпараттың дұрыстығына жауапкершілік: жалған немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дисквалификация немесе өзге де санкциялар қолданылады.

Баға немесе коммерциялық ұсыныстар (прайс-парақтар) мына электрондық пошта мекенжайына жолдануы тиіс: kense@asu.edu.kz

Ескертпе: ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ұсыныстар қарастырылмайды.

Attached documents

PDF

Техническая спецификация.pdf

PDF

PDF

Техникалық ерекшелік.pdf

PDF