Медиа ресурстар
ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ
Жаңалықтар

ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

20.10.2026 ж.күні Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті "Экономика және менеджмент " кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Лиза Бақтығалиқызы Избасарова  және сеньор-лектор, экономика ғылымдарының магистрі Айнұр Рамазанқызы Тажиденованың ұйымдастырумен "Экономика ", "Маркетинг ", "Саладағы менеджмент ", "Экономика және мемлекеттік басқару", "Бизнес процестерінің есебі, аудиті және талдау", "Қаржы және аналитика" білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін қонақ дәрісі өтті. Қонақ дәрісті Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар Қорының үйлестірушісі Мухтарова Самал Нурлыбековна өткізді. Қонақ дәрісі білім алушылардың кәсіпкерлік бағыттағы білімін арттыру, бизнес жүргізу негіздерін меңгерту және кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Бизнес-модель және оның бизнес-жоспардағы орны» тақырыбында жоғары деңгейде өтті.

Дәріс барысында бизнес-модельдің мәні мен маңызы, оның негізгі құрылымдық элементтері, бизнес-жоспарды әзірлеудегі рөлі және табысты кәсіпті қалыптастырудағы ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар, білім алушылар бизнес-идеяны тиімді жүзеге асыру, нарық қажеттіліктерін анықтау және кәсіпкерлік қызметті дұрыс жоспарлау туралы маңызды ақпарат алды.

Қонақ дәріс білім алушылардың теориялық білімдерін толықтырып, болашақта өз бизнес-жобаларын әзірлеуге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Осындай мазмұнды кездесулер білім алушылардың кәсіби дамуына, жаңа идеяларды жүзеге асыруына және кәсіпкерлік әлеуетін арттыруына жол ашады! ✨