Медиа ресурстар
«PROF ҚАДАМ: ТӘЛІМГЕРЛІК ЖӘНЕ КУРАТОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Жаңалықтар

«PROF ҚАДАМ: ТӘЛІМГЕРЛІК ЖӘНЕ КУРАТОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Кадрларды  қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жұмыс жоспарына сай 2026-2027 оқу жылының 12 қазан мен 14 мамыр аралығында педагогикалық мамандықтарында білім алып жүрген 4-курс студенттерін «PROF қадам: тәлімгерлік және кураторлық»  жобасына қабылданған студенттерді кеңсе жетекшісі Гүлжан Нұрсұлтанова қаламыздағы бірқатар білім беру ұйымдарына, атап айтсақ, Атырау өңірлік Д.Қонаев атындағы, Әл-Фараби атындағы, «Жайық» пен «Caspian» Binom School мектеп-лицейлеріне, SilkWay мектеп-лицейі мен №40 Ә.Кекілбаев атындағы мектеп пен №23 А.Байтұрсынов атындағы мектептеріне барды. «PROF қадам: тәлімгерлік және кураторлық»  жобасы – студентті мектеппен таныстыратын ғана емес, оны кәсіби ортаға бейімдеп, сенімді педагог ретінде қалыптастыратын маңызды жоба. Мектепке жасалған әр күнгі сапар – болашақ мұғалімнің кәсіби өсуіне, тәжірибе жинауына және өз мамандығына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты қадам.
 Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – университет пен мектеп арасындағы кәсіби сабақтастықты нығайту, болашақ педагогтерді нақты білім беру ортасымен таныстыру және олардың тәжірибелі ұстаздардан кәсіби бағыт-бағдар алуына мүмкіндік жасау. Мектептегі шынайы орта студентке оқулықтан табылмайтын үлкен тәжірибе береді. Болашақ мамандар мұғалім қызметінің жауапкершілігін тереңірек сезініп, оқушымен қарым-қатынас жасау, сабақты нақты мақсаттар мен саралау тапсырмаларымен тиімді жоспарлау, кәсіби шешім қабылдау және түрлі педагогикалық жағдаяттар  дағдыларын дамыта алады.
Қуанышты түрде айта кететін жайт, биылғы жоба жұмысына жаңа мектептердің қатары қосылды. Атап өтсек,  «Жайық» пен «Caspian» Binom School мектеп-лицейлері, SilkWay мектеп-лицейі, №51 мен №23  
 А.Байтұрсынов атындағы мектептері. 
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті жобаға қолдау білдіріп, студенттерімізді жылы қабылдаған мектеп басшылығына және тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға шынайы алғысын білдіреді. Бірлескен жұмысымыз білімді, білікті әрі ізденімпаз педагогтерді даярлауға қызмет ете берсін!


#PROFқадам #Тәлімгерлік #КураторлықЖоба #БолашақПедагог #МектепПенУниверситет #КәсібиДаму #ПедагогикалықТәжірибе #АтырауУниверситеті