Media Image

29 мамыр 2025

Университет мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті

29 мамыр күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде сыртқы сараптау комиссиясының аккредиттеу рәсімінің екінші күні аясында жұмысшы кеңесі өтті. Бұл күнгі жұмыс барысында сарапшылар университеттің білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибе базаларымен танысты. Жалпы саны 47 база қарастырылды. Сонымен қатар, сарапшылар таңдамалы пәндердің оқу процесіне қатысып, университеттің тіркеу кеңсесіне барып, «Platonus» ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.

Сарапшылар аккредиттеуге ұсынылған білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік құжаттарды зерделеді. Ішкі кеңестер өткізіліп, қорытынды есептері рәсімделді. Күн соңында университет басшылығымен сыртқы сараптау комиссиясының қорытынды кездесуі ұйымдастырылды.

Аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат бағдарламалары:
6B01202 Мектепке дейінгі білім беру
6В01302 Бастауыш білім беру
6В01102 Психология
6В01407 Дене шынықтыру және спорт
6В01406 Музыкалық білім
6В01515 Физика
6В01513 Информатика
6В01514 Химия
6В01511 Биология
6В01512 Жаратылыстану
6В01516 География
6В01602 Тарих және қоғамтану
6В01707 Орыс тілі мен әдебиеті
6В01705 Шетел тілдері
6В01902 Арнайы педагогика
6В01405 Көркем білім
6В05204 Қалдықтарды басқару
6В01517 Математика
6B02102 Халық аспаптары
6B02104 Халық әні
6В02203 Дінтану

Магистратура бағдарламалары:
7М01103 Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық
7M04102 Бизнес экономикасы (1 жыл)
7М04103 HR менеджмент (2 жыл)
7М04113 HR менеджмент (1 жыл)
7М04116 Денсаулық сақтау менеджменті (1 жыл)
7M04104 Бухгалтерлік есеп, аудит және контроллинг (2 жыл)
7М04114 Есеп, аудит және контроллинг (1 жыл)
7M04211 Құқықтану (1 жыл)
7М04213 Этномедиация (1 жыл)
7M05303 Физика және электроника (2 жыл)
7M06105 Бағдарламалық инженерия

Аккредитация процедурасын «Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу орталығының» шақыртуымен отандық және шетелдік сарапшылар жүргізді. Барлығы жеті сараптау тобы құрылып, әр топ құрамында тәжірибелі ғалымдар, жұмыс берушілер, студенттер мен халықаралық сарапшылар болды. Аккредитациялық тексеріс жеті сараптау тобынан құралған құрамда өткізілді:
    •    Бірінші сараптау тобы: жетекшісі – п.ғ.д., профессор Клара Жаманбаевна Туребаева (Ақтөбе қаласы). Құрамында Павлодар, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Қырғыз Республикасынан келген сарапшылар болды.
    •    Екінші сараптау тобы: құрамында Атырау, Ақтау, Астана қалалары мен Ташкент қаласының ғалымдары мен жұмыс беруші өкілдері жұмыс атқарды.
    •    Үшінші сараптау тобы: жетекші сарапшы – ф.ғ.к. Күлпаш Коптилеуова (Ақтөбе қаласы). Комиссия мүшелері Астана, Ақтөбе, Атырау және Калуга қалаларынан шақырылды.
    •    Төртінші сараптау тобы Атырау, Астана, Алматы және Ташкент қалаларының сарапшыларын қамтыды.
    •    Бесінші сараптау тобы: экономика саласы бойынша сараптау жұмыстарын жүргізіп, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Атырау және Омбы қалаларынан келген мамандардан құралды.
    •    Алтыншы сараптау тобы құқықтану саласындағы бағдарламаларға талдау жасады. Құрамында Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Қырғызстан өкілдері болды.
    •    Жетінші сараптау тобы: жетекші сарапшы – х.ғ.к. Амангелді Ибраемович Абилхайров (Атырау қаласы). Ақтау, Астана, Атырау және Хакассия қалаларының сарапшылары сараптау жұмыстарына қатысты.

Сараптау жұмысына Ақтөбе, Павлодар, Астана, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Атырау, Ташкент, Ош, Калуга, Омбы, Хакассия қалаларынан сарапшылар тартылды. Сарапшылар тарапынан жоғары бағалау мен кәсіби ұсыныстар берілді.

Сыртқы бағалау жұмыстарының үйлестірушісі ретінде «Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу орталығының» өкілі Сембаева Айгерим Жумкеновна қызмет атқарды.

Қорытындылай келе, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 32 білім беру бағдарламасы бойынша сыртқы аккредиттеу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті аяқталды. Бұл университетіміздің сапалы білім беруге деген ұмтылысын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы бір мәрте дәлелдейді.