2025–2026 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясы кезеңінде университетте академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы өткізілді.
Акция аясында Антикоррупциялық комплаенс-қызмет, академиялық құрылымдық бөлімшелер және студенттік қоғамдастық өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылып, емтихандар барысында тұрақты мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар факультеттерде студенттердің өтініштері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған сенім жәшіктері орнатылды.
Жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша академиялық адалдық талаптарын бұзудың 46 фактісі анықталды. Оның ішінде 40 жағдайда студенттердің ұялы телефон қолданғаны, бір жағдайда емтиханға құлаққаппен, тағы бір жағдайда смарт-сағатпен кіргені тіркелді. Сондай-ақ төрт жағдайда браузер ашып, Google іздеу жүйесі арқылы емтихан сұрақтарына жауап іздеу фактілері анықталды.
«Таза сессия» акциясы білімді бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, студенттердің жауапкершілігін арттыруға және академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға бағытталған. Жүргізілген мониторинг пен профилактикалық іс-шаралар университеттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті.