Медиа ресурстар
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жаңалықтар

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетін аралап, жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларымен және заманауи техникамен жабдықталған зертханалармен танысты.
Зертхана ғалымдарымен кездесіп, қолданыстағы материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы Ұлыбританиядан арнайы шақыртумен келген профессорлар Марк Берри (Mark Berry) және Карл Берримен (Carl Berry) кездесіп, олардың университет қабырғасында атқарып жатқан академиялық және ғылыми жұмыстары жөнінде пікір алмасты.
Шетелдік профессорлармен бірге жүрген студенттермен де әңгімелесіп, білім мен ғылымға ұмтылудың, халықаралық тәжірибені тиімді пайдаланудың және кәсіби дамуға тұрақты көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында студенттерге сапалы білім беруді одан әрі жетілдірумен қатар, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап, тиісті тапсырмалар берді.