Медиа ресурстар
ӘЗЕРБАЙЖАННАН КЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

ӘЗЕРБАЙЖАННАН КЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Әзербайжан Республикасынан келген білім алушылармен кездесу өтті. Жиынға университет проректорлары Бақыт Алтынбасов пен Рахметолла Закарья, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова, «Қоғамдық келісім» КММ өкілі Ляззат Джылкышиева және «Новруз» Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов, шетелдік білім алушылар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – Әзербайжаннан келген білім алушылардың университеттегі оқу үдерісіне және Атыраудағы өмірге бейімделуіне қатысты мәселелерді талқылау, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдау және қажетті қолдау көрсету. Сонымен қатар, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тарихи-мәдени және туыстық бауырластық байланыстардың маңызын түсіндіруді көздейді.

2026–2027 оқу жылында университетке Әзербайжан Республикасынан 77 білім алушы қабылданды. Оның ішінде 30 студент бакалавриатта, 10 білім алушы магистратурада және 37 азамат докторантурада білім алуда. Білім алушылардың басым бөлігі экономика бағыты бойынша білім алуда.

«Университет шетелдік білім алушыларды толықтай жатақханамен қамтамасыз етті. Студенттерге жайлы әрі қауіпсіз жағдайда сапалы білім алуы үшін барлық қажетті жағдай жасалды», – деді проректор Бақыт Алтынбасов. Сонымен қатар білім алушылардың Қазақстандағы әлеуметтік ортаға, оқу жүйесіне және университет өміріне бейімделуіне қатысты мәселелер талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, университет проректорлары мен мамандар тарапынан нақты жауаптарын алды.