
20 мамыр 2025
Атыраулық студент — Әлем чемпионы!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті, Әлем чемпионы Альфия Тілекқабыл мен оның бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жандос Қияновты ректор Саламат Идрисов қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
13–15 мамыр аралығында Астана қаласында өткен парадзюдодан IBSA Judo World Championships Astana 2025 әлем чемпионатында 40 елден 300-ден астам спортшы бақ сынады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің 2-курс студенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Альфия Тлекқабыл 52 кг, J1 санатында өнер көрсетіп, жекелей сында 5-орын иеленді.
Алайда, командалық сайыста Қазақстан құрамасы сапында күресіп, әлем чемпионы атанды!
Атыраулық парадзюдошылар ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке жетті!